Ернар Айдарды карантин кезінде ұтыс ойнатқаны үшін полицейлер алып кетті (видео)

Oinet.kz 24-04-2020 2559

Алматыда әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп хабарлайды   Polisia.kz. 

image.png

Ол және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс өткізді. Сонымен қатар, олар онлайн түрде тікелей эфир жүргізді.

- “Ұстауды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізді. Негізгі өндіріс осы бөлімшеде. Полиция, өзінің юрисдикциясына сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді”, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев. 

Полиция төтенше және карантиндік режимдерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және нәтижесінде – 10 АЕК айыппұл салудан 15 тәулікке дейін қамауға алынатындығын ескертті.

Мадина Сәдуақасова: «Сахнасыз әнші осылай ауыса бастайды»
«Бір шанс бер дейді»: Әуелбекованың бұрынғы күйеуімен қайта қосылатыны рас па
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу