Тележүргізуші Айгүл Мүкей көптен жасырған жолдасын көрсетті (фото)
Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей жолдасымен түскен суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Әдетте тек балаларының фотосымен бөлісетін БАҚ өкілі бұл жолы күйеуін көрсетуді ұйғарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей жұртшылықтан жасырып келген сүйіктісін дәл 15 сәуір күні, ғашықтар мейрамында көрсетуді жөн көрген.
Тележүргізуші Instagram парақшасына жолдасымен түскен фотосын жүктеп қойды. Суреттен ерлі-зайыптылардың лифт ішінде тұрғанын байқауға болады. Оған қоса, отағасының қолында үлкен гүл шоғы бар.
Ол келіншегін "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мерекесімен құттықтаған көрінеді. Алайда, белгілі журналист күйеуінің бетіне жүрекшелер қойып, оның түрін жауып қойған.
"15 сәуір - Махаббат күні. Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім - Отқа түсіп өртенсем не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім - Бұлдырасам сағымдай не етер едің? - Жел боп қуып ақыры жетер едім - Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? - Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін! Махаббаттарыңыз мәңгі баянды болсын" , - деп өлең жолдарын жазып қойған Айгүл Мүкей.