«Күйзелісімнің жасы»: Әуелбекова сахнада жылап қалған сәтін есіне алды (видео)

Oinet.kz 15-04-2020 1522

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Мөлдір Әуелбекова жеке концерті кезінде не себепті жылап жібергеннін айтып берді. Бір жарым жыл бойы сұхбат бермеген өнер иесі ағынан жарылып, өз жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы ән кешінде орын алған әсерлі сәтке жеке өмірінің қатысы бар екенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ .

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекова ұзақ жылдар бойы ішінде сақтап келген мұң-қайғысы мен күйзелісі сол концертте сыртқа шығып кеткенін жеткізді. Ол әнінің соңында көз жасына ерік берген. - -- "Концерттің дәл сол сәтін қарамауға тырысамын. Себебі, маған ауыр тиеді. Сол кездегі ішкі күйзелісім есіме түседі. Ол кезде менің өнерде жүргеніме он бес жыл болды. Менің мерейтойлық есеп беру концертім болды. Мен сол он бес жыл бойы адам болған соң, түрлі жағдайды басымнан өткердім, түрлі қиындық көрдім. Қнерге қадам басқалы көз жасымды халыққа көрсетпегенмін. Көз жасымды халық тек бағдарламада, балам туралы сюжетте және осы сахнада көрді. Мен жыламауға тырысатынмын. Өзімді ұстап та жүрдім. Бірақ, нүктесі мен түйіні сол жерде болды деп ойлаймын. Ұзақ жылдар бойы ішімде жиналған сезімім сол нүктеге сыймады. Сол сахнаға жарылып шықты. Ол жеке өміріме де, жұмысқа да қатысты. Ол - менің ішкі күйзелісімнің жасы" , - деді әнші.

 Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова "Туған ел" атты жеке концертін 2018 жылы берген болатын. Өнер иесінің есеп беру кеші қалай өткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар. Әнші тұрмысқа шыққанымен, көп ұзамай жолдасымен ажырасып кеткен болатын. Ол бұл құпиясын тек бір жарым жыл өткен соң ғана растады.

«Қуған жоқпын, өзі кетіп қалды»: Жеңіс Ысқақова келіні туралы шындығын ашты (видео)
Тележүргізуші Айгүл Мүкей көптен жасырған жолдасын көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу