Сәбит Әбдіқалықовқа театр ұжымы ерекше құрмет көрсетті

Oinet.kz 04-03-2020 1023

Кеше ғана М. Әуезов атындағы драма театры басшылығы қызметінен кеткен Сәбит Әбдіқалықов қоластында жұмыс істеген қызметкерлерінің басын қосып, олармен қоштасып кетті. Танымал актер, әрі театр басшысы лауазымынан созылмалы ауруына байланысты бас тартқанын мәлімдеді. Жиылған көпшілік театр үшін ерен еңбек еткен өнер иесіне ерекше құрмет көрсетіп, онымен қимай қоштасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

b10526ea-bcb1-4da4-858a-015ddfd3219f.jpg

Сәбит Әбдіхалықов өз қоластында жұмыс істеген барша қызметкерлердің басын қосып, олармен қоштасып кетті. Театр ұжымы директор қызметінен кетуді ұйғарған актерге қошемет көрсетіп, оны ерекше шығарып салды. Жиын барысында аңыз актер Асанәлі Әшімов сөз тізгінін алып, Әбдіхалықовтың театрға сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Артынан оған шапан кигізіп, арнайы сый-сыяпаттар тарту етілді. Instagram желісінде енер иесі мен театр ұжымының қоштасқан сәті жарияланды. Аса әсерлі видео желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен.

"Бүгінгі қошемет Сәбит Әбдіхалықовқа арналды! Бүгін Сәбит Әбдімүтәліұлы театр қызметкерлерінің алдында 1 жылдық қызметтік есеп бере отырып, денсаулығының созылмалы ауруына байланысты М.Әуезов театрының директор лауазымын өз еркімен босатқанын мәлімдеді. Театрымыздың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов Сәбит Әбдіхалықовты 94 жылдық театр тарихында үздік басшылар қатарынан орын алатынын жеткізді.

1 жыл ішінде театрдың қаржы шаруашылығын жүйелендіріп, ішкі және сыртқы саясатты орталықтандыру арқасында театр жұмысының алға басқанына ұжым мен көрермендер куә. Асанәлі Әшімов Сәбит Әбдімүтәліұлына ұжым атынан алғыс айта отырып, шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. М.Әуезов театр ұжымының ақсақалдары атынан сөз алған ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Нұрасілов Сәбит Әбдіхалықовқа үлкендерге көрсетілген құрмет, кішілерге бағытталған ілтипатына алғысын білдірді.

- «Театр жүрегінің төрінен орын алған Сәбит бауырыма театр есігі әрқашан да айқара ашық» деп Асанәлі Әшімов қорытындылады. Ұжымның орнынан тұрып ұзақ соққан қошеметі - театр директорының еңбегіне ризашылығының белгісі. Сәбит Әбдімүтәліұлына ұжымымыз атынан тағы да алғысымызды білдіре отырып, деніне саулық, алдағы істеріне толағай табыс тілейміз" , - деп жазылған бейнежазбаның астында.

Айта кетейік, бұған дейінӘуезов театрының әртістері Әбдіхалықовты жұмыстан шығармауды талап етіп, шу шығарған болатын. Олар актердің басшылығы кезінде мекеме айтарлықтай гүлдене түскенін алға тартты.

Сырым Исабаев қазір не істеп жүргенін айтты
Дана Кентай: «Мәдениет министрі бізге мін таға бергенше аппаратқа мән берсе»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу