Дана Кентай: «Мәдениет министрі бізге мін таға бергенше аппаратқа мән берсе»
Жақында ғана еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салынатындығы туралы заңды ұсынған болатын. Ал, көптеген әншілердің бұл заңға деген көзқарасы мүлде бөлек. Бұл туралы Ревю жаңалықтарында айтылды деп хабарлайды Oinet.kz.
Ал, әнші Дана Кентайдың айтуынша жанды дауыста ән айтуға еліміздегі музыкалық аппараттардың күш жетпейтіндігін айтады. Сол жағын дұрыстап берсе ешкім жанды дауыста ән атудан қашпайды деп ашық ойын жеткізді әнші. Тіпті, ол бұл шағымын еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне жеткізді.
- Мәдениет министрі бізге мін таға бергенше, өздері аппарат жағына кішкене мән берсе екен деген тілек, сондай бір ұсыныс. Дәл қазір қарсымын деген нәрсе жоқ негізінде, - дейді әнші Дана Кентай.