Сырым Исабаев қазір не істеп жүргенін айтты

Oinet.kz 03-03-2020 4385

Отандық шоу-бизнес әлеміне Қайрат Нұртаспен бірге қадам басып, халықтың ыстық ықыласына бөленген Сырым Исабаев аты дүркіреп тұрған кезде кенеттен өнерден кетуге шешім қабылдаған еді. Сол сәттен бері әншінің өмірі қалың көпшілік үшін құпия болып келеді. Өнер иесінің жанкүйерлерін бүгінде оның немен айналысып жүргені қатты қызықтыруда. Ел назарынан тыс қалған жұлдыздың қазіргі жай-күйін оның жақын досы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап.

image.png

Сырым Исабаевпен өнер жолында талай мәрте тығыз жұмыс істеген Абдусамат Базыхановтың әнші жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалығы бар. Танымал режиссер өнер иесіне қатысты бірқатар тың ақпарат бөліскен.

"Сырым Исабаев қазір өзінің жеке кәсібімен айналысып жатыр. Онымен хабарласпағаныма бір-екі жыл болды. Негізі өнерден кеттім деген, бірақ кейін "қайтадан ораламын" деді. Доспыз, араласамыз. Оның клиптерінің барлығын мен түсіргенмін. Бір-екі рет соңғы сөйлескен кезде жеке кәсібі жақсылау екенін айтты. "Өнерге қайтып келесің ба?" деп сұрағанымда, "келемін, ниет бар" деп жауап берді. Бірге кино түсірсек деп ойлағанбыз" , - деді Базыханов.

Оған қоса ол, Исабаевтың өнерден кетуіне не себеп болғанын да айтып берді.

"Мен Сырыммен қатты жақын дос болдым. Көп жерде қасында жүрдім, сырласы болдым. Сырым өзі шуға, екіжүзділікке мүлдем жоқ адам. Өте байсалды жігіт. Меніңше, өнерде жүргендердің көбісі бетперде болғандықтан, айналасындағы шудан шаршап кетті. Ол арзан дүние қуалап, содан шаршап кетті деп ойлаймын. Сол үшін кетіп қалған сияқты" , - деді режиссер.


Белгілі тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей бесінші рет ана атанды
Сәбит Әбдіқалықовқа театр ұжымы ерекше құрмет көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу