Шімән апа кімге ренжулі?

Oinet.kz 16-02-2020 1466

Шімән апа енді сахнаға немересін алып шықпақ, деп хабарлайды Oinet.kz порталы ntk.kz-ке сілтеме беріп. 

Шімән апа.jpg

Әжейдің сүйікті бұзығы болу - жас әнші Саят Асановқа бұйырған. Өнерпаз тырнақалды туындысын әйгілі әжеймен бекер ортақтаспаған. Танымал болу үшін «Шімәннің келіні» трегін жазып, ерек бейнебаян таспалау режиссер Мерей Махановтың идеясы.

- Мерейге екі қолым мен аяғымды көтеріп келістім. Сондықтан Саят екеуміз жолығып, танысып, ары қарай керемет туынды шыққан сияқты. Өзімізге ұнады, бірақ өнерден тыс адамдарға да тыңдаттым, бәріне ұнап жатыр».

Еске салсақ, бұл қазақтың «Верка Сердючкасы» атанған Шімән апаның бірінші жұмысы емес. Ерболат Төлегеннің «Келін болсаң инабатты» клипі Ютуб желісінде 12 млн қаралым жинаса, «Немерем» және «Ырымдар» бейнебаянын 2 млн-нан астам халық тамашалаған. Сондықтан да, «туындыларымның әкелген табысы әзірге жаман емес», -дейді актер.

- Өздерінің белгілі бір пайыздарын ұстап қалып, маған қажеттілігін беріп жатыр, ия, оны өтірік айтпаймын.

«Әзіл әндерімнің астарында түсінген жанға өсиет бар» деген актер әзірге бұл образдан бас тартпақ емес.

-Бір жерлерде астарлап, Ерболат болып, Қайрат, Қанат болып, Аманғали болып айта алмағанды, Шімән болып айтқызып жіберуге болады астарлап. Біреулер анау дейді, біреулер мынау дейді. Қазір ешкімге жақпайсың»

Естеріңізде болса, өткен жылы дәл осы образы үшін Ерболат мырза журналист Бибігүл Дәулетбекқызының ар-намысына тигенін айтып, жазба жариялаған еді. Одан қала берді, кезінде Дәулетбекқызымен бірге жұмыс істеген әзілкеш, бикештен ганорарын ала алмай жүргенін айтқан болатын.

-Жабулы қазан жабулы күйінде қалды ғой енді. Ол затты көтергім келмейді. Сондықтан бұл ғайбат болып кетеді да. Өсек боп кетеді. Ол былайша айтқанда, ер азамат болғанда басқаша шешер едім. Әйел адам болғаннан кейін мен ештеңе істей алмаймын.»

Алайда, Ерболат Төлеген Дәулетбекқызы қаламақысын қайтарған жағдайда да, өзінде қалдыру ниетінде емес.

-Берсе маған сол жалақыны сол кісінің атынан және менің атымнан және барша мұсылманның атынан жетімдер үйіне барып садақа қылайықшы деп айтқам бір арнаға, оған да көнбеді»

Әбу-Қай: «Жанар Хамитованың өлімінен кейін әнші арулар менен қорқып жүр»
Ілияс «бренд» отандық ток-шоуға қос оққағарымен келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу