«Алдап келген». Төреғали келіншегіне өзге әйелмен ұсталып қалды (видео)

Oinet.kz 20-12-2019 15843

Төреғали Төреәлі айрықша бейнебаян түсіріп, тыңдармандарын таң қалдырды. Бұл жолы әнші өзімен бірге әйелі Толқын түскен "Уәде қайда?" әніне түсірілген бейнебаянда жұбайының көзіне шөп салған ер адамның образын сомдады деп хабарлайды Nur.kz-ге сілтеме жасаған Oinet.kz.

Төреғали әйелі.jpg

Өнер иесі жаңа әнді жас әнші Диана Исмаилмен бірге орындаған.

"Диана — өмірдегі әрі сахнадағы жақын досым. Бірде студияға келгенімде, музыка ойнап тұрды, мен бұл әнді кім орындап жатыр деп сұрадым. Маған әнді әрлеуші Диана деп жауап берді.

Мен оны шақырып алып, «біз сенімен дуэт жазамыз» дедім. Сондай шешімге келіп, тарастық. Айтқан сөз – атылған оқпен тең емес пе?

Ол жақында маған хабарласып: "Аға әнді қашан жазамыз, маған уәде берген едіңіз ғой» деді. Ал мен шынымды айтсам ұмытып кетіппін. Сөзімде тұруға тура келді, сөйтіп дуэт болып, бейнебаян түсірдік", - деді әнші.

Белгілі клипмейкер Мерей Маханов түсірген бейнебаянда Төреғали әйелінің көзіне шөп салған азаматтың рөлінде болады. Онда әншінің сүйіктісі – Диана Исмаил болса, әйелі болып өнер иесінің өмірдегі жары – Толқын Мырзақайымова ойнайды.

Бүгін Ләйла Сұлтанқызының туған күні
Есболат Беделхан: «Димашқа қатысты жазған ойым желіге тарағанына өкінбеймін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу