Бүгін Ләйла Сұлтанқызының туған күні

Oinet.kz 18-12-2019 3037

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйла Сұлтанқызы бүгін 42 жасқа толды, деп жазады Oinet.kz тілшісі. Ол өзінің туған күніне арналған сыйлықтан бас тартып, қайырымдылық жасауға өтініш білдірді. 

Сұлтанқызы.jpg

«42 жас. Артта қалды қанша көктем, қанша жаз.

Жан-жағымды қоршаған жақындарға болдым мәз...

Ыстық ықылас пен толастаған жылы тілектеріңізді оқып, екі езуім екі құлағымда. Құдай көп көрмесін. Биыл айтулы күнде отбасымыздың қос қуанышын қатар тойлау бақыты бұйырды. Мерекемен тұспа-тұс келген мерейлі күнімізде бізбен болған барша дос-жаран, жора-жолдастарға алғыс білдіремін. Сыйластығымыздың өзі сый.

Негізі туған күнім 16 желтоқсан емес, бүгін 18.12. Енді кішігірім жеке өтінішім бар. Туған күніммен құттықтауға/қуантуға дәнекер достарыма, таныстарыма сыйлықтарыңызды маған емес, құрбым Аружан Саинның «Подари детям жизнь» қорына, шын мұқтаж жандарға аударуларыңызды сұраймын. Мен үшін бұдан асқан сыйлық жоқ.

Мейлі, ол 100 не 500 теңге болсын, мейлі 10 мың болсын шама-шарқыңыз жеткенше жіберіңіздер, қанша баланың өмірін құтқара аласыз...

Қиын болмаса, «Аударылды» деген түбіртекті жекеме жолдаңыз, алғысымды видео арқылы білдіремін», - деп жазды инста парақшасында.

Асанәлі Әшімов... Алданып қалды ма, елді өзі алдап жүр ме?
«Алдап келген». Төреғали келіншегіне өзге әйелмен ұсталып қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу