Әйеліңізге маһр бергенсіз бе?

Oinet.kz 24-05-2019 7343

podarok-zhene-na-32-goda.jpg

Қазақ қоғамы жақын жылдарға дейін маһр мәселесіне аса көңіл бөлмей келді. Солтүстік облыстарды былай қойғанда, тілі мен қазақы ділінің қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірдің өзінде көп адам некеге қатысты болып келетін Маһр беру міндеті жайлы біле бермейді. Жұмыстағы әріптестерімнен «Үйленгендеріңде әйелдеріңе маһр бердіңдер ме?» деп сұрадым. Көпшілігі өзім сияқты маһр бермеген, бұл жайлы білмеген де екен.

Жалпы Маһр дегеніміз не? Еліміздегі ең үздік медресе саналатын Оңтүстік Қазақстан облысы Сарығаш ауданының Ынтымақ ауылында орналасқан Сарыағаш медресесі ғұламаларының Маһр жайлы берген анықтамасын келтіре кетейік. «Маһр - неке үстінде әйелдің жеке пайдасы үшін күйеуі беруге тиісті сыйлық. Ол неке үстінде белгіленіп айтылады немесе неке қиылумен өзінен өзі уәжіп болады. Қызға берілген маһр оның жеке мүлкі саналып, қыздан басқа ешкімнің оны пайдалануға құқы жоқ. Сондай-ақ, маһр қыздың құны емес. Маһр қыздың қадірін көтеру, тұрмысын жақсарту, келешегін қамтамасыз етіп, киім-кешегін дұрыстап алу үшін берілетін сыйлық. Қыз некеден кейін маһрдан бас тартып, күйеуіне қайта сыйлауы да мүмкін».

Маһрдің мөлшері қандай? Ғұламалардың айтуынша, кемі он дирхам , егер одан кем айтылса да, он дирхам – уәжіп. Көбінің – шегі жоқ. Қанша белгіленсе немесе қанша беруге разы болса, сонша – уәжіп. Дегенмен, маһр күйеу жақты қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Жоғарыда маһрдың ең аз мөлшері – 10 дирхам дедік. Бұл дегеніміз – 33,6 грамм күміс немесе 4,8 грамм алтын. Жоғарыда айтқанымыздай бұл – маһрдың ең аз мөлшері. Кейбір араб елдерінде маһрге пәтер немесе көлік те сұрайды екен. Әрине, бұл қатардағы қарапайым азаматтарға сай келмейтін сыйлық.

Дініміздің талабы бойынша – үйленіп жатқан жігітке маһр беру уәжіп, яғни міндет болып табылады. Шамасы келмеген азамат маһрдың бір бөлігін үйленерде беріп, қалғанын кейін – аяққа тұрғаннан соң беруі мүмкін. Өзбекстанда соңғы жылдары ислами тойлар көбейді. Сол тойларда қыз маһр ретінде болашақ күйеуінен Меккеге қажылыққа апаруын немесе діни кітаптар сыйлауын сұрағаны жайлы айтылып жатады. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. Әбу Талха деген үзеңгілес сахабасы болған. Сол сахабасына бір әйел: «Әй, Әбу Талха, маған сенің алтын-күмісің керек емес, егер сен Ислам дінін қабылдасаң, мен саған тұрмысқа шығамын, сенің дінді қабылдауың – менің маһрым болсын!» депті. Пайғамбарымыздың сахабалары: «Біз Умм Сулаймның маһрынан артық маһр көрмедік» деген екен. 

Маһр – қалың мал емес. Қалың мал – қыздың ата-анасына берілетін мал-дүние. Ал Маһр қызға беріледі және оның меншігі болып табылады. Бұл сыйлықтың қай түрде немесе қай сипатта болуын қалыңдықтың өзі шешеді. Сыйлық некелесіп жатқан жастардың бір-біріне деген сыйластығын арттыра түседі. Қазақ күлшелі бала сүймелі демеуші ме еді?!  

Бірінші әйелге білдірмей құпия түрде екінші әйелге үйленуге бола ма?
Аузы берік адамға өзен-көлге түсуге бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу