Сүлеймен патшаны сөзден жеңген құмырсқа (қисса)

Oinet.kz 15-01-2018 1155

image.png

Мәлике: Сүлеймен патшаны сөзден жеңген бар ма?

Әбілда: Бар. Ол құмырсқа болатын. Бірде Сүлеймен пайғамбар:

– Ей, құмырсқа, сен артық жаралдың ба, әлде мен бе? – деп сұрады. Құмырсқа:

– Әлбетте, мен артық жаралдым. Неге десең: сенің өзге денеңе қарағанда басың кіші. Басың кіші болғандықтан да көп жағдайда денеңнің ырқына еріп кетесің. Ал менің басым үлкен. Денем қанша арбаса да басымды еркіне жетектей алмайды. Сенің қарның жуан екен. Соған қарағанда денеңді қарның билейді. Тойымың жоқ, қанағатың аздау болса керек. Менің қарным қылдырықтай. Нәпсім иттей болып қанша ұлыса да дегеніне көнбеймін. Бір күнде жарты тарыдан артық тамақ жемеймін. Асымды досыммен бөлісемін. Екі аяғың денеңе қарағанда шидей екен. Соған қарағанда ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін болсаң керек. Мені қарашы, басқа денеме қарағанда бөксем жуан. Өзімнен алты есе үлкен міндетті ауырсынбай арқалай аламын. Тәңірі мені жаратқанда ақылымды көп етті, тамақ үшін уайымымды жоқ етті. Көңілімді тоқ етті. Өзімнен зорды көтеретін күш берді. Әлбетте, сенен артық жаралғанмын, – деді. Сүлеймен сөзден тосылды.

«Отбасы xрестоматиясы»

Пайғамбарға ілім үйреткен пайғамбар - Қызыр ата (қисса)
Мұхаммед пайғамбар (с.а.с) өлтіруге тиым салған 4 жәндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу