Сүлеймен пайғамбарды сөзден тосылдырған құмырсқа
Сүлеймен патша құмырсқа өмірінен көп ғибрат алған. Тағы бірде:
- Ей құмырсқа жылдық қорегің қанша? - деп сұрайды. Құмырсқа:
- Бір бидайдың дəніндей, - дейді Сүлеймен құмырсқаны сынамақ ниетпен, бір шиша ыдысқа құмырсқаны бір дəнмен қоса салып, бір жылдан соң тексерсе, дəннің жартысын-ақ жепті. Сүлеймен:
- Неге жылдық мөлшеріңде ас жемей, жартысын ғана қанағат еттің?- десе, Құмырсқа:
- Бұрын несібем бір Алладан деп, алаңсыз ішіп жесем, күнім пендеге қарағаннан соң, ертеңгі күнге сенімім жоқ болғандықтан, сақтық еттім, - деген екен.