40 қыздың моласы

Oinet.kz 23-06-2022 4505

Кішкентайымда мені əкем өзіне ілестіріп саятшылыққа алып баратын. 

Screenshot_12.jpg

Бірде Ұлытау өңіріне аңға бардық. Сол Ұлытауға бара жатқан кезде "40 қыздың моласы" деген жерден өттік. Кішкентай болған соң қызығушылық танытып əкемнен сұрадым: "мына жер неге қырық қыздың моласы деп аталады?" Сонда əкемнің айтқан аңыз-əңгімесі:

Жоңғар-қазақ соғысы кезінде бір ауылдың еркектері түгел соғысқа аттанады. Ауылда тек қыз-келіншектер, шал-кемпір, бала-шаға қалып қойыпты. Сол бейқам жатқан ауылдың үстіне жау əскері шығып, еркегі жоқ ауылды қантөгіссіз басып алыпты. "Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ" жау əскері ойларына келгенін істейді. Бүкіл ауылдан ең жас, ең сұлу қыздардан таңдап 40 қызды қатын қылуға айдап кетпекші болады. Сол 40 қыздың ішінен ең батылы шығып қыздарға "біздің аға бауырларымыз, əкелеріміз жан алып жан беріп соғысып жатыр, біз болсақ жауға қатын болып барайын деп жатырмыз, бүйтіп қорлықта өмір сүргенше өлгеніміз артық" депті. Сөйтіп 40 қыз бір ауыздан өлу туралы шешім қабылдайды. Жау əскерінің қолбасшысына барып: "туған жерімізбен қоштасайық, ауыл маңдағы көлге бір шомылып келуге рұқсат етіңіз" деп сұраныпты. Сөйтіп 40 қыз қол ұстасып көлге кетіп, батып өледі. Қыздардың бұл қылығын көрген жоңғардың төбе шашы тік тұрады. Сонда жоңғарлардың айтқаны: "мына қазақ намысшыл халық екен. Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. Егер осы ауылдың еркектері келсе бізбен не болады?" деп қорқып жоңғар əскері ауылды босатып кетіп қалыпты. 

Айтайын дегенім, біздің қара көз сұлуларымыз нəпсісін тыя алмай көрінгеннің қойнында жататын болса олардан туған қазақтың ұрпағының күні қараң!

P.s. суға батқанда қыздар қол ұстасып батқан, қолдары бір-біріне сіресіп қалғандықтан бір молада жерленген. Сол мола əлі күнге дейін бар!

(с) Ғазиз Нұржан

Сүлеймен пайғамбарды сөзден тосылдырған құмырсқа
Ауыр қарғыстан бүкіл ішегі шіріп кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу