Еріншек варениктер рецепті

Oinet.kz 04-12-2019 1436

 0de6a9c4bf20147_660x440.jpg

вареник

Ингредиенттер:

  • сүзбе 250 г

  • жұмыртқа 1 дана

  • ұн - 3 шай қасық

  • ерітілген май - 2 ас қасық

  • қант - 2 шай қасық

  • тұз

1. Ерітілген май, шикі жұмыртқа, қант және тұзды қажетті мөлшерде араластырамыз. Үгітілген сүзбені қосып, қоспаны жақсылап араластырыңыз. Бидай ұнын аздап себіңіз. Дайын болған қамырды қолға жабыспайтындай ұн қосып шұжық секілді жайыңыз.

2. Дайын болған шұжық қамырды майда бөлшектерге бөліп, қайнаған суға салып, пісіріңіз. Сүзбелі вареник дайын болған жағдайда өздігінен судың бетіне қалғып шығады.

Кеңес:

Варениктерді қалауыңызға қарай қаймақпен, сүтпен, майонезбен беруге болады.

Пита қосылған Таяу Шығыс салаты
Сүйіктіңіз қандай адам?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу