Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әлемдегі денесі татуировкаланған ең кәрі әйел Изабель Варли, оның денесінің 93%-ы татуировкамен қапталған. Мұнымен тоқтамаймын деген қария өткен жылдың мамыр айында 70 жасында өмірден озды. Сұхбаттарында Изабель алғашқы татуын 18 жасында жасатқанын айтады. Алғашында хобби ретінде денесіне сурет салғызғанымен кейіннен шындап қызыққан. Денесін айтпағанда оның басы түрлі суреттерге толы. Инеден қорықпайтын оның сүйікті бейнелері құс пен жолбарыс болған. Көптеген жұрт Варлидің бұл қылығын ерсі көрді. Дегенмен ол Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі денесі татуировкаланған ең кәрі әйел ретінде тіркеліп, тарихта қалды.