«Банкрот» сөзі қайдан шыққан?

Oinet.kz 23-09-2019 1113

Screenshot_12.jpg

Ақша ертеректе пайда болғанымен банк өз жұмысын бертін келе бастаған. Сондықтан көне заманда ақша сақтаудың түрлі амал-тәсілдері болған. Сегізінші ғасырда ақша сақтайтын сенімді жалғыз орын – шіркеу болған. Бұған дәлел афиндықтар ақшаларын Акрополь шіркеуінде сақтаған. Ал орта ғасырда еуропалықтар жиып-тергенін тек шіркеу қызметкеріне ғана сеніп тапсырған. Ежелгі Римде сақтауға берген ақшасын қайтармаған адамды бір айға темір торға қамайтын болған. Осы уақыт ішінде оның туыстары ақшаны қайтаруы тиіс. Қайтара алмаған жағдайда кінәлі құлдар базарына сатылған.  Банк қызметі ең алғаш рет Италияда пайда болған. Нақтырақ айтқанда орта ғасырда онда өсімге ақша беретін және құнды қағаздарды сақтайтын адамдар пайда бола бастаған. Алданған жағдайда ашуға булыққан тұрғындар  ағаш орындықты өсімқорлардың басына ұрып сындырған. Міне, «банкрот» сөзі осыдан келіп шыққан екен. Яғни   banco rotto сөзін аударғанда сынған орындық деген мағынаны білдіреді.   

Коммуникациядан мақұрым қалған мекендер
Денесінің «сау тамтығы» жоқ әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу