Коммуникациядан мақұрым қалған мекендер

Oinet.kz 23-09-2019 1036

Screenshot_11.jpg

Грин Бэк

       XXI ғасыр болса да жер бетінде интернет түгілі телефон желісі мүлдем жоқ елді мекендер бар. Солардың бірі Конго республикасындағы Кифука ауылы. Статистикалық мәліметтерге сай онда жылына бір шаршы километр сайын 158 найзағай түседі екен. Сондықтан кез-келген электронды құрылғыны пайдалану өзіңді өлімге қиюмен тең. Өркениетті АҚШ-та орналасқан Грин Бэк қаласында да найзағай жиі түсетіндіктен тұрғындар телефон, компьютерді мүлдем қолданбайды. Қытайдағы Тибет тауының етегінде жатқан Мотуо ауылы телефон желісінің не екенін білмейді, себебі ешқашан орнатылмаған. Тынық мұхитындағы Питкэрн аралында 50-ақ адам мекендейді. Көз көрмейтін, құлақ естімейтін жерде жаһанданудың бірде-бір белгісі байқалмайды. Ондағылар мұхиттың арғы бетіндегі әлеммен тек  айына бір рет келетін кеме арқылы ғана  байланыса алатын көрінеді. Үнді мұхитындағы Сокотра аралында 42 мың адам тіршілік кешуде. Тұрғындар санының көптігіне қарамастан арал коммуникация дегеннен мақұрым қалған. 

Диана ханшайым туралы деректер
«Банкрот» сөзі қайдан шыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу