Жаңбыр суының пайдасы қандай?

Oinet.kz 17-09-2019 1339

ACFFA130-1B43-4571-A934-7E1E3D62366F.png

Жаңбыр суының айналасында көптеген қарама-қайшы сұрақтар туындайды. Ол зиянды ма, пайдалы ма?  Күн сайын атмосфераға ластану және өнеркәсіптік шығарындылар қоршаған ортаны нашарлатады, бірақ қазір жаңбыр суларында пайдалы қасиеттерді табуға болады.  Жауынның әр тамшысы кез-келген тірі ағзаға күш пен өмір сыйлайды.

Жауын суының емдік қасиеттері ежелден белгілі.  Біздің әжелеріміз жасару үшін жаңбыр суын кеңінен қолданған.  Олар жаңбыр туралы көптеген құпияларды білетін.  Олар жүздерін жаңбыр суымкн жуып, тамақ та пісіріп, шаштарын да жуған.  Осы уақытқа дейін сарапшылар бет терісіне күтім жасау үшін жұмсақ жаңбыр суын пайдалануды ұсынады.  Жаңбыр суы өте пайдалы, өйткені ол атмосфераның жоғарғы қабатында иондалған.  Жаңбыр жаңа жауған күйінде өсімдіктерді сергектік пен жеңілдікке бөлейді.  Егер өсімдіктер жаңбыр суымен қоректенсе, олар жақсы өседі.  Жаңбырдан кейін шашыңызды суымен жусаңыз, жұмсақ және жібектей болады.  Шаш нығайып, серпімді, жылтыр және күшті болады.  Көктен бізге жаңбыр төгілгенде, адам денесі оны лезде-ақ сіңіріп алады. Оның құрамында пайдалы қасиеттер көп. Сондай-ақ жаңбыр, дәлірек айтқанда, оның суы терінің ылғалдылығын сақтап, судың тепе-теңдігін сақтайды.  Мұндай суды дәрілік және косметикалық мақсаттарда пайдалануға болады.  Алдымен жаңбыр суымен, сосын ыдыста сақталған жаңбыр суымен жуу өте пайдалы. Бір аптадан кейін оң өзгерістер байқалуы мүмкін.  Осындай косметикалық процедурадан кейін тері едәуір жасарады, серпімді болады, жарқырай бастайды.  Көптеген адамдар жылы жаңбырда серуендеп, оның суымен малмандай су болып жүргенді ұнатады екен. Мұндай жаңбыр ванналары жинақталған стрессті жеңілдетеді, теріні сергітеді.  Жаңбыр кезінде бетіңізді жуыңыз, бастың артқы жағын, астыңғы жағын сулаңыз - бұл пайдалы болады.  Көктегі су жинақталған өлі теріні жуып тастайды.  Жазда балалармен саңырауқұлақ жаңбырының астында серуендеуді ұмытпаңыз, бұл жас дененің қатаюына ықпал етеді. Жаңбырдан кейін кемпірқосаққа таңдану және дымқыл шұңқырларды былшылдатып басып жүру қандай жағымды.  Әрине, жаңбыр суы экологиялық таза жерлерде, мысалы, ауылдық жерлерде, орманда немесе биік тауларда төгілсе, оның пайдасы зор болады.

Ескі балабақша ғимаратынан 1937 жылғы болашаққа жолдау табылған
17 жасар қызын әлеуметтік желіде аукционға салған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу