17 жасар қызын әлеуметтік желіде аукционға салған

Oinet.kz 17-09-2019 1032

0c0b424e592f6132f6645464575.jpg

Оңтүстік Судандағы бір отбасы Фейсбук желісінде 17 жасар қызына аукцион ұйымдастырған.

Roditeli-prodali-17-letnyuyu-doch-cherez-sotsset.jpg

Аукционда 6 ер азамат бәсекеге түскен. Олардың арасында біреуі жоғары шенді шенеунік болған. Шенеунік 17 жасар қызға ерекше ынтамен үміттенген. Өзінің ол отбасымен бұрыннан таныс екенін, қызға ол әлі кішкентай кезінде-ақ үйленем деп уәде еткенін айтқан. Ер азамат қыздың отбасына 250 ірі қара мал ұсынған.

Алайда шенеуніктің қызға қолы жете алмаған. Қыз басқа бір Кока Алат атты «сатып алушыға» бұйырған. Ол қызды алу үшін 500 ірі қара мен 3 автомобиль және 7,5 мың еуро берген.

Кока Алаттың 9 әйелі болғанын айта кеткен жөн.

Жаңбыр суының пайдасы қандай?
Тас ғасыры-қола ғасыры-темір дәуірі - ...ал қазір?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу