Тұрғындар жаңбыр суына да салық төлеуге мәжбүр

Oinet.kz 14-03-2023 837

Германияда тұрғындардың басым бөлігі жаңбыр суына салық төлейді. Жылына шамамен төлем мөлшері 150-190 евроны құрайды. Бұл теңгеге шаққанда 70-90 мың аралығында деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_21.jpg

Германия тұрғындарының жартысынан көбі жаңбыр суы үшін де салық төлейді. Бұл негізінен коммуналдық алым болып есептеледі. Көбіне мұны жауын-шашын зиян келтіруі мүмкін аймақтардағы жеке секторлардың немесе көпқабатты тұрғын үйдің иелері төлейді. Өйткені жауған су бірден жерге сіңіп кете алмайды, ал асфальтты жерлерде тіпті мүмкін емес. Сол себепті де бұл суды кәрізбен ағызады. Тұрғындар осы үшін қомақты ақша төлейді. 

Орташа есеппен әр үй иесі бұл төлем үшін 150-190 евро шамасында ақша аударады. Бір қызығы, бұған ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. 

Screenshot_22.jpg

Төлемнің мөлшерін азайтудың бір ғана жолы бар. Ол – жеке үйіңізге жаңбыр суын жинақтайтын арнайы цистерналар орнату, терең шұңқыр қазу. Осылайша жиналған суды аулаңыздағы өсімдіктерді суаруға құюға болады. Болмаса үй шаруашылығындағы жуатын заттарыңызға жаратасыз.

Болеуталяющие препараты
Қайрат ЕРАЛИЕВ: Жаңа Қазақстанға бәсекеге қабілетті экономикалық өзгерістер керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу