Ескі балабақша ғимаратынан 1937 жылғы болашаққа жолдау табылған
Ресейде Ленинград облысының Тосно қаласындағы ескі балабақшаны бұзу кезінде жұмысшылар 1937 жылғы жолдауы бар тақта тауып алған.
Белгісіз автор өзін мазалаған мәселені тақта бетіне түсірген екен.
«Бұл үй 1937 жылы мамыр айында құрылған. Ұсталар мен құрылысшылар арзан жұмыс жасауда, 8 сағаттық жұмыстары үшін небәрі 6 рубль ғана алып отырады. Ол ақшаға тек бір нан ғана келеді. Ұсталар 1893 жылы туған. Колхоздан қашқан колхозшылар. Совет билігі. Меншік деген нәрсе жоқ. 1937 жылы 1 тамыз күні жазылды», - деп жазылған тақтада.
Қазіргі таңда ол тақта 2003 жылы жіберілген Тоснодағы мұражайда сақтаулы.
Сарапшылар жазуының стилі мен тақтаның жағдайына орай тақта жасанды емес деген пікір айтқан.