Зүлфия Сүлейменова су ресурстары және ирригация министрін құттықтады

Oinet.kz 05-09-2023 470

Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған Нұржан Нұржігітовті құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Бұл туралы экс-министр Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Нұржан Молдиярұлын су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймын", - деп жазған ол. 

Сондай-ақ, Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрлігінің биыл атқарған жұмысының бірнеше маңызды нәтижесін атап өтті. 

Еске салайық, 4 қыркүйекте Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған еді.

Жамбыл облысы әкімсіз қалды
Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу