Макарон қашан, қайда пайда болды?

Oinet.kz 17-09-2019 2263

57B698AF-10BE-4BD8-87CF-88820D8B715C.jpeg

Макарон өнімдерінің дәстүрлі түрін өндіру үшін шикізат ретінде қатты бидайдың ірі тартылған қиыршықтың жоғары сұрпы алынады, қазақша айтқанда қиыршық, итальян тілінде сэмола, ағылшынша — семолина. Қатты бидайдың осы қиыршық түрінен макарон өнімін өндіру барысында технологиялық режимі сақталғанда ол құрғақ түрінде янтарлы-сары, алтын түстес болып келеді, беріктігі аса жоғары және сындырған кезде шыны тәріздес күйде, ұзақ пісіргенде пісірілген суы мөлдір болады, бір біріне жабыспайды, ашық-сарғыш түске ие, жағымды хош иісі мен дәмі болады. Дегенмен, қатты бидайдың тапшылығы және оны шикізат базасы ретінде қолданудағы құнының кқымбатшылығы, сонымен бірге макаронның неғұрлым төмен сұрпын өндіру үшін қатты бидайдың тек төмен сұрпын пайдаланады, сонымен қатар жұмсақ бидайдың шынысы жоғары және ұнды сұрпының тартылған өнімдерін де қолданады.

Алғаш макарон дайындайтын машина италияда 1819 жылы ойлап табылды.

Тарихтағы алғашқы сапалы макаронды халыққа ұсынған Il Pastifico Buitoni команиясы.

Италияда «макаронды» «паста» деп атайды. Бұл «макаронның ұны» деген мағына білдіреді.

Егер жыл сайын италиядағы халықтың жейтін макаронын бір тұзу сызықтың бойына қойса, оның ұзындығы 600 миллион километр болатын еді. Ал бұл дегеніңіз жер шарын 15 мың рет айналып шығуға жетеді.

Көз туралы 24 дерек
Қазақстанда театр қашан пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу