Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1. Миымызға түсетін ақпараттың 90%-ы көз арқылы қабылданады.
2. Ғалымдардың дәлелдеуінше, көру жүйесі ақпаратты секундына 10 млн бит жылдамдықпен қабылдайды.
3. Көз торын қорғау үшін жарыққа көздің қарашығы кішірейеді, ал қараңғыда керісінше үлкейеді.
4. көздің ішкі тор қабығы қоршаған орта мен заттарды теріс етіп көреді, ал ми оны аударып алады. Бір қызығы, көз бөлек-бөлек бейнелерді көреді де, ми оны бүтін етіп жинап алады.
5. Дальтониктер түстерді ажырата алмайтындығымен ерекшеленеді. Олар шын мәнінде мүлдем бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі түстерді бірдей етіп көреді.
6. Көз торының қалыңдығы 0,05-0,5 мм аралығында болады, алайда оның 10 жұқа қабаттан тұратынын ескерген жөн.
7. Тым жарық және нашар жарық көзге зиянын тигізеді.
8. Ғалымдардың болжауынша, планетамызда өмір сүрген алғашқы адамдардың көздері қой көзді болған.
9. Соңғы зерттеулер бойынша, туғаннан көздері көрмей туатындар түстерінде бейнелер көрмейді. Ал көзінің көру қабілетінен кейін айрылғандардың түстері «фильм» түрінде болады.
10. Жер бетіндегі әйел-дальтониктердің саны 0,4%-ды құраса, ер азаматтар 8%-ға жетеді екен.
11. Көптеген тәжірибелерге сәйкес, әйелдердегі бүйірлік көру қабілеті ерлерге қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған.
12. Адамдар – сезім мен эмоцияның әсерінен жылайтын жалғыз жаратылыс. Қалған жануарларға жас тек көзді бөгде заттардан тазалау үшін және құрғаудан сақтау үшін ғана қажет.
13. Бір тәулікте адам шамамен 21 600 рет жыпылықтайды.
14. Алыстан нашар көретін адамдардың көздерінің алмасы ұзындау, ал жақыннан нашар көретін адамдардың көз алмасы керісінше қысқалау болады.
15. Адам көзінің салмағы шамамен 7 грамды құрайды.
16. Көздің мөлшері өзгермейді. Туғаннан өлгенге дейін бір үлкендікте қалады.
17. Көз бұлшықеттері адам ағзасындағы бұлшықеттердің ішіндегі ең белсенділерінің бірі.
18. Адам көз алмасының орташа диаметрі 24 мм-ді құрайды.
19. Көз жасының құрамы адамның эмоциясына сәйкес өзгеріп отырады.
20. Алып кальмар планетамыздағы ең көзі үлкен жаратылыс болып табылады.
21. Ашық түсті көзді адамдар Скандинавия елдерінде көптеп кездеседі, ал қара көзділер Түркия мен Португалияда көп.
22. Омматофобия дегеніміз – өзге көздерден үрейлі қорқыныш.
23. Сарапшылардың есептеуінше, нәзік жандылар жылына шамамен 50 рет жылайды екен, ал ер азаматтар – небәрі 7 рет.
24. Адам көзін жұмбай түшкіре алады.