Адам ағзасындағы бұлшықеттер
Адам анатомиясында бұлшықеттің атқарар қызметі мен маңызы өте зор. Соның арқасында адам қимыл-қозғалыс жасап, сөйлеп, тыныс ала алады, т.с.с.
Сонымен, сіздерге бұлшықет туралы бірнеше қызықты деректерді ұсынамыз.
Адам ағзасында жалпы саны 640 бұлшықет бар. Оның 50% аяқта орналасқан, ал 20% бет пен мойында орналасқан. Адам салмағының үштен бір бөлігін бұлшықеттер құрайды.
400-ге жуық көлденең жолақты бұлшықеттің жиырылуын орталық жүйке жүйесі басқарады. Жүру кезінде бұлшықеттердің 25% қозғалыста болады. Ал бір ғана қадам үшін 200 бұлшықет қозғалады. Күлу кезінде 17 түрлі бұлшықет қозғалысқа енеді.
Жүрек бұлшықеті адам ағзасындағы ең төзімді әрі ең мықты бұлшықет болып табылады. Ол қанды 10 метр биіктікке дейін көтере алатындай қысым тудыра алады. Ал ең жылдам бұлшықет біздің көзіміздің ашылып-жұмылуына қызмет етеді. Тіл де ағзамыздағы ең мықты бұлшықеттердің бірі саналады.
Ең қысқа бұлшықет – құлақ жарғағы. Оның ұзындығы небәрі 1,2 мм-ді құрайды. Сонымен қатар ортаңғы құлақ бұлшықеті шайнау кезіндегі ауыздан шығатын дыбысты бәсеңдетіп отырады.
Жақ бұлшықеттері ең мықты бұлшықеттердің бірі болып саналады. Оның күші 300 кг-ға дейін жетеді.
Біржасушалылар мен сорғыштарда бұлшықет жүйесі болмайды. Олар қимыл-қозғалысқа бейімделмеген.
Бұлшықеттер қатты күш түсіруден кейін қалыпқа келуі қиын болады. Керісінше екі есе семіп қалады. Сондықтан да ғарышта ұзақ болған ғарышкерлердің қайта қалыпқа келуіне ұзақ уақыт кетеді.