Ең ұзақ өмір сүретін 5 ел

Oinet.kz 27-08-2019 3102

Screenshot_8.jpg


 Ғасырлар бойы адамзат баласы ұзақ жасауды арман етіп, қартаймаудың әдіс-тәсілдерін зерделеп, іздестіріп келген. Иә, мәңгі өмір жоқ!Әйтсе-де, технологияның дәуірінде  ұзақ өмірсүрудің кілтін тауып, мақсаттарына жетіп отырған елдер бар. Олар: 

Screenshot_3.jpg

             Жапония

Жапондардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен  83 жасты құрап, көштің басын бастап тұр. Жапонияның «Ажалсыз мекен» аталған шағын ғана Окинава аралында 100 жастан ұзақ жасаған 400-ден аса адам өмір сүріп жатыр. Мамандар бұның сырын жергілікті халықтың тамақтану мәдениетімен тікелей байланыстырады. 

Жапонияға барып, олардың ұзақ өмір сүруінің сырын іздеген этнографтар сізге жапон тілін үйренуге кеңес береді. Себебі, олардың пайымдауынша, жапон тілін үйреніп, жапондықтардың өмір сүру дағдысына қанықпаған адам, жапон аралдарында өмір бойы жасаса да ұзақ өмір сүруі екіталай.

 Screenshot_4.jpg

              Испания

 Испанияда ұзақ өмір сүрудің орташа деңгейі 82,8 жасты құрайды. Бұның себебін ғалымдар Жер-орта теңізінің диетасы, жүрекке аса пайдалы болған ошаған майы және вино деп түсіндіреді. Осының бәрін испандардың ұзақ жасауындағы басты фактор ретінде қарайды. Одан бөлек, испандарда түскі тамақтан кейін ұйықтап, тынығып алатын дәстүр бар. Түскі 14:00 ден 17:00 аралығында испандар өзгелердің мазалағанын қаламайды. Бұл үрдіс «Сиеста» деп аталдаы. Дүкендер де жабылып, есіктерге «Досым, дүние табылады. Ал, мен Сиестадамын деп жазып қояды».      

Screenshot_5.jpg            Сингапур

Сингапурда  орташа көрсеткіш 83,1жас. Сингапур халқының ұзақ өмір сүруіне - қолайлы климаттың да әсері мол. Қауіпсіздік шарасы жан-жақты қарастырылған. Келген туристердің сақтандыру шаралары жіті назарға алынады. 

             Швейцария

Швейцария - ер-азаматтардың денсаулығына арналған арнайы жобаларымен ерекшеленеді. Қолайлы тұрмыс ортасы, азаматтардың алаңсыз өмір сүруіне қызмет ететін қоғамдық жүйенің бәрі швейцариялықтарға ұзақ өмір сыйласа керек. Десе де, бұл елдегі адамдардың ұзақ өмір сүруін зерттеген ғалымдардың бір бөлімі, швейцариялықтардың сүт өнімдерін көптеп тұтынуы негізгі факторлардың бірі деп қарайды.

Швейцарияда адам күшімен істелетін жұмыстар жоқтың қасы. Барлық жұмыстар дамыған техника құралдарына жүктелген. Елдің орналасқан географиялық орны да қарт құрлықтың өмір сүруге ең бір қолайлы аумағына жайғасқан.

Аталған елдің әр жетінші азаматы миллионер. Сондықтан да олар тұрмыстың рақатын көруге көбірек уақытын бөлуге тырысады. Елдегі орташа ұзақ жас мөлшері 81 жасты көрсетеді.

Screenshot_7.jpg

              Оңтүстік Корея

Оңтүстік Корея экономикасының тазалығымен, дамыған медицинасымен халықтың өмір сүру қзартып отырған мемлекет. Мұнда, 80пайызы 90 жастан аса өмір сүреді екен. Дәрігерлердің білімділігіне аса мән беретін Кореялықтар  ең ұзақ өмір сүретін елдердің бесінші орынына жайғасты. 


Ақ шоколад шын мәнінде «шоколад» емес
152 мың адам көз жұмуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу