152 мың адам көз жұмуы мүмкін

Oinet.kz 27-08-2019 1069

Screenshot_9.jpg

 «Егерде, климаттың аяқ асты өзгеруі жалғаса берсе, экстоемалды ауа-райының әсерінен Еуропада жылына 152 мың адамның өлімі орын алуы мүмкін», - деп мәлімдеді ғалымдар. «Бұл қазіргі адам шығынынан 50 есе көп», - делінген «The Lancet Planetary Health» журналының зерттеулерінде. Бұл жаңалықты BBC ақпараттық агенттігі хабарлады. 

 Көмірқышқыл газының көлемі азаймаса және өндіріс орындарының қоршаған ортаны ластау процесі жалғасын таба берсе, зерттеу ұсынған футуристикалық деректер шындыққа айналуы мүмкін.

Осыдан бұрын Еуропа комиссиясының зерттеу орталығының мәліметінде, « 1981-2010 жылдар аралығындағы экстремалды ауа-райынан қаза тапқандардың саны жылына 3 мың, 2071-2100 жылдары 152 мыңды құрайды. Үш адамның екеуі табиғат апатынан көз жұмса, жаңа ғасыр басында су тасқынынан жылына 6 адам, соңына қарай 233 азамат жан тапсырады», - деген болжам жасады.

 Лондондағы медицина саласының профессоры Паул Викинсон берілген деректердің барлығы  адамзаттың әрекеті  салдарларынан болуы мүмкін екенін ескертсе, Сеул Ұлттық университетінің сарапшылары  «Адам баласы кез келген өзгеріске бейімделе алады. Сондықтан климаттың өзгерісін де біз жақсы қабылдаймыз» - деген пікірде.

Ең ұзақ өмір сүретін 5 ел
Мұрныңыздың қышығаны неден белгі береді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу