Шаш неге бұйраланады?
Шаш мәселесі қыздардың ең басты проблемасы екені анық. Бірі бұйра шашын түзулеп әлек болса, сол бұйра шашқа қызығатындар, арнайы бұйралайтындар да бар. Жасанды жолмен бұйралаудың шашқа зияны туралы білетін боларсыз. Шашыңыз бұйра ма? Әлде сіз де бұйра шашқа қызығасыз ба? Менікі неге олай болмайды? Неге оның шашы бұйра? Осы сұрақ сізді мазалап жүр ме?
Бұл сұрақ ғалымдардың өзін де мазаламай қоймаған. Қазіргі таңда бұл сұраққа екі түрлі жауап бар: бірі – шаш формасынан, ендігі бірі – шаш түбінің формасынан. Шаштың көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда, түзу тегіс шаштың құрылымы дөңгелек, ал бұйра шаштың құрылымы жалпақ екенін байқауға болады және қаншалықты жалпақ болған сайын, шаш соншалықты бұйра болады. Сонымен қатар шаш ұлтқа да байланысты болуы мүмкін. Мысалы, үндістердің шаштары өте түзу әрі тік болады. Себебі олардың шаш құрылымы цилиндр тәріздес болып келеді. Есесіне қара нәсілді ұлттардың шаштары керісінше, өте бұйра. Олардың шаш құрылымының формасы эллипс тәріздес.
Осындай заңдылыққа маңдай шаштары да бағынады. Олар да бұйраланады. Азиаттардың маңдайындағы шаштары тік әрі еуропоидтар мен негроидтардікі секілді онша қалың емес.
Шаш фолликуласы зертхана жағдайында зерттеген француз ғалымдары бұйра шаштылардың шаш фолликуласы майысқақ, ал тік шаштарда – түзу болып келетінін байқаған. Оның бірден бір себебі шаш түйінінде.
Бір қызығы, шаш фолликуласының формасы мен шаш кесіндісінің формасы ата-анадан балаға берілгенімен, оның әр адамда әр түрлі болуының себебі күні бүгінге дейін белгісіз.