Сағат неге «сағат тілімен» айналады?

Oinet.kz 26-08-2019 1674

poshemu-chasy-idut-po-shasovoi.jpg

Механикалық сағаттар шыққанға дейін уақытты анықтаудың негізгі құралы болып күн сағаттар саналған. Олар циферблаттан және Күннің аспан көкжиегінде жылжуына байланысты көлеңкесі циферблатта уақытты көрсетіп отыратын өзектен тұрады. Солтүстік жарты шарда көлеңке қазіргі біз айтатын «сағат тілімен» қозғалып отырған. Сондықтан алғашқы сағат жасаушылар механикалық сағаттарды сол күн сағаттарын негізге ала отырып жасаған. Ал егер бұл механикалық құрылғылар Оңтүстік жарты шарда жасалғанда, оның «сағат тілі» бізге кері бағытта, яғни сол жаққа қарай айналған болар еді.

Сабын қалай жуады?
Шаш неге бұйраланады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу