Сабын қалай жуады?
Химия тұрғысынан алғанда, сабын және басқа да беткі белсенді заттарға жататын жуғыш заттар судың беттік кернеуін арттырып, оның жуғыштық қасиетін арттырады. Беткі белсенді заттардың, яғни жуғыш заттардың молекулалары шеттік қабатта гидрофильді топтары суға бағытталып, гидрофобты топтары бөлініп шығады. Нәтижесінде судың қабаты сабын қабатымен қапталады. Мұндай су кір қабатын оғай жібітеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, сабын құрамына өткір сода мен табиғи май кіреді. Сода мен май бірігіп су қабаты бар көптеген көпіршіктерден тұратын сабынды құрайды. Көпіршіктер кірлерді ерітетін және олардың қабатқа қайта жабыспауын қамтамасыз ететін қасиетке ие. Былайша айтқанда кір бөлшектері көпіршіктерге жабысады да, оны сумен шайып тастау оңай болады.