Шыбындар табандарын неліктен жуады?

Oinet.kz 23-08-2019 2008

muha_moet_lapki.jpg

Әлдененің бетіне қонған шыбынның табанын жуғанын көргеніңіз бар ма? Олар неліктен бұлай жасайды? Шын мәнінде олар осылай табандарын кірден тазалайды...

Әр аяқтарының тырнақшаларының арасында кішкентай түктер бар. Әрбір түкте өте кішкентай дөңгелек сорғыштар болады. Бұл сорғыштардан май бөлінеді. Содан шыбынның түктері қонған бетке жабыса бастайды.

Содан шыбынның басқан жерлерінен аяғына кір жабысады. Сол кірдің әсерінен аяғының жабыспай қалмауы үшін ол барлық алты табанына да ұдайы «тазалық» жұмыстарын жүргізіп отырады.

Егер табаны майсызданса, қанат иесі шыны секілді тайғақтың бетіне қонып отыра алмайды.

 lapka_muhi.jpg

Сіз білесіз бе? Шыбындардың табанында сонымен қатар дәм сезгіш қысқа түкшелер болады. Яғни шыбындар дәмді ең алдымен табандарымен, содан соң бізтұмсығымен, сорғыш қалақшаларымен сезеді. Олардың аяқпен дәм сезгіштігі адамның тілмен сезгеніне қарағанда 100-200 есе жоғары.

Агнотология қандай ғылым?
Неліктен аза кезінде ту төмен түсіріледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу