Неліктен аза кезінде ту төмен түсіріледі?

Oinet.kz 23-08-2019 1464

flag.jpg

Тудың төмен түсірілуі азаны білдіретіні бәріне мәлім. Мұның мәні неде? Неліктен олай жасалады?

Джулиан Франклиннің «Қалқан мен дулыға: геральдиканың ғылым және өнер ретіндегі сипаттамасы» атты кітабына сәйкес, тудың түсірілуі ХVІІ ғасырда британдық әскери теңізшілерде жолдастарын құрметпен еске алу үшін пайда болған. Басында ту көзге көрінбейтін өлім туына орын босату үшін өз бойымен бірдей биіктікке түсірілген.

flagtraur.jpg

Алайда қазіргі таңда тудың түсірілу дәрежесі әр елде әртүрлі. Кейбірі тутұғырдың жартысына дейін түсіреді. Ал Еуропа елдері, мысалы, Ұлыбритания ескі ғұрып бойынша өз биіктігіне тең дәрежеге түсіріледі.

flagbelgiya.jpg

Бір қызығы, ережеге сәйкес аза туын көтеру үшін ең алдымен оны ең жоғарғы нүктесіне дейін көтеріп, содан соң баяу төмен түсіреді. Сонымен қатар аза туын түсіру де дәл осы жолмен іске асады.

Шыбындар табандарын неліктен жуады?
Көздің жасы неліктен тұзды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу