Аффилиация - қолдауды қажет ету

Oinet.kz 23-08-2019 2742

Screenshot_3.jpg

 Аффилиация латын тілінен «affilette» - «қосылу» деген мағынаны білдіретін,  адамның қоршаған орта тарапынан қолдау табуға ұмтылысын сипаттайтын ұғым.  Аффилиация кезінде адам - айналасындағылармен достық қарым-қатынаста болып, әрдайым олармен бірге бақытты күндерді көргісі  келеді. Сонымен қатар қолдау көрсетіп, өзі де басқа біреудің тарапынан көмек алуға ұмтылады. Әсіресе бұл құбылыс адамның депрессия, стресс пен үрейге ұшырап, өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтқан жағдайда байқалады. Бұндай адамдар басқаларға әрдайым қол ұшын созуға дайын тұрады.

 1938 жылы американдық псиxолог Генри Мюррей аффилиацияның мотивін: «Достық пен сүйіспеншілікке ұмтылу. Басқа адамдар үшін қуанып, олардың жанынан табылу»- деп түсіндірді.   Кейбіреулер бұл қарым-қатынас кез келген адамның табиғи қажеттілігі, оның мінезінің негізгі компоненті деп санайды. Аффилиация масасыздық сезімінен туындайды. Жаны тыныш таппай, жетіспеушілікті сезіну, әрекеттеріне көңіл толмау, эмоцияға берілу процестері  байқалады. Бұл дерттің фобиясы - жалғыздық. 

Неліктен неміс тілінде сандар керісінше жазылады?
Фомо синдромының белгілері қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу