Фомо синдромының белгілері қандай?

Oinet.kz 23-08-2019 1456

Screenshot_4.jpg

FOMO ағылшынша  «felling missing out»  - маңызды нәрсені жіберіп алудан қорқуды білдіреді. Бұл синдромның белең алуына әлеуметтік желі едәуір әсер етуде, себебі, ғаламторда отыратын адам өз өмірін жақсы жағынан көрсеткісі келіп, басқаларын бақылап, FOMO синдромына ұшырайды. 

 2013 жылы Фомо сөзі термин ретінде ресми түрде тіркеліп, Оксфорд сөздігіне енді. Алғашқы рет бұл синдром туралы мақаланы бірінші курс студенттеріне зерттеу жүргізген Патрик Макгиннис жазды. Оның мақаласы Гарвард бизнес мектебінің журналында жарық көрді. 

Синдромының белгілері: 

- Үнемі лентаны жаңартқыңыз келеді;

- Өзіңізге зейін аудартуды қалайсыз; 

- Қызықты ақпарат немесе жаңалықты өткізіп алудан қорқасыз;

- Барлығына ұнағыңыз келеді; 

-  Сізден басқасының өмірі керемет сияқты көрінеді.

 Бұл дерт адамның псиxикасына әсер етіп қана қоймай, депрессия мен көңіл-күйінің түсуіне әкеп соқтырады. Шектен тыс стреске түсу суицидке дейін әкелуі мүмкін.  

Аффилиация - қолдауды қажет ету
Туған күн иесінің құлағынан тарту қайдан шыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу