Туған күн иесінің құлағынан тарту қайдан шыққан?
Бұрын құлақтан «үлкен болып өс» деген тілекпен тартатын болған. Әсіресе ер балаларды көбірек тартқан. Қалай болғанда да бұл әдет әлем бойынша танымал болған.
Қазір жай балалардың ойыны саналатын бұл әдет ежелде жылжитын және жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алуда өте маңызды әрі жауапты сәт ретінде саналған.
Ереже бойынша сауда базар алаңында өтетін болған және екі жақ баға келісіміне келген соң сатылымға қойылған затты (мысалы, жылқы немесе сиыр, т.б.) ұстап, адамдарға дауыстап кезекпен: «Мен, (өзінің аты-жөнін айтады), сатып алушыға (сатып алушының аты-жөнін айтады) мынадай сомаға (бағасын айтады) өзімнің жылқымды саттым» деп айқайлайды. Сатып алушы да тура солай сатып алғаны туралы дауыстап айтады. Үшінші рет адамдар еститіндей етіп айтылған соң, сатушы қолын мүлкінен жібереді де, айырбас жүргізіледі. Римдіктерде бұл дәстүр «манципация» («қол» деген мағынаны беретін «manu» сөзінен шыққан) деп аталады.
Жылжитын мүлікке қарағанда жер телімдерін (7-10 жылға дейін) олай сату мүмкін емес болғандықтан, әлдеқайда маңызды әрі ұзаққа созылатын процесс болған. Ол үшін 12 куәгер тауып, бірге сатылатын жерді 3 рет айналып шыққан соң, ереже бойынша сатушы мен сатып алушы «мен саттым» және «мен сатып алдым» деген сөздерін жерді нұсқай отырып қайталаған.
Қажет болған жағдайда куәлік етеді деп ертіп әкелінген 12 куәгер 6 ересек ер адамнан және келесі 6 адам 7-12 жас шамасындағы ер балалардан құралған. Ол балаларды ересектер «өскенде сені не үшін және қайда ұрғанын, жерді кім сатып, кім сатып алғанын есіңде ұстайтын боласың» деп құлақтарынан тартып, шымшыған, шыбықтармен сабап жылатқан.
Демек құлақтан тарту арқылы туған күнінде кімнің құттықтап, қалай өткені есінде жүрсін деген оймен жасалатын дәстүр болар деген қорытындыға келуге болады.