Жалбыз неліктен ауызды мұздатады?

Oinet.kz 23-08-2019 1460

mentol_holod.jpg

Жалбыз кәмпитін жеп немесе сағызын шайнап көрген боларсыз? Аузыңыз мұздағандай болғанын сездіңіз бе? Бірақ ондай мұздаудың себебін көп адам біле бермейді.

Суықты біз теріде және ағзамыздың шырышты қабатында орналасқан суық сезгіш рецепторлар арқылы сеземіз. Егер температура белгілі дәрежеден төмендесе, жүйке импульсі миға ақпарат береді. Соның әсерінен тамырлар тарылады. Алайда бұл рецепторларға тек температура ғана емес, кейбір заттар да әсер етеді. Оның бірі – жалбыз. Шын мәнінде жалбыз ауыз қуысын мұздатпайды, тек салқындық әсерін береді. Ол суық сезгіш рецептордан басқа рецепторлардың бәрін сезбейтіндей етеді. Олар өз кезегінде миға жүйке импульстарын жібереді.

Туған күн иесінің құлағынан тарту қайдан шыққан?
Агнотология қандай ғылым?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу