Президенттердің ауызашары да - саясат

Oinet.kz 10-04-2023

Өткен жұмада Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысының атынан берілген ауызашарға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқарушылар, еңбек адамдары қатысты.

Screenshot_2.jpg

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев  бір жылдың ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған айтулы оқиғаларға арнайы тоқталды. Осы күні барлық өңірлерде президенттің атынан ауызашар берілді. 

Сонымен бірге әлеуметтік желіде Қырғызстан, Өзбекстан президенттерінің берген ауызашары қызу талқыланып жатыр. 

Screenshot_3.jpg

7 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мешітке барып намаз оқыған, осыдан кейін Алла үйіне келген жамағатқа арнап ауызашар берген. 

Screenshot_4.jpg

31 наурызда Өзбекстан президенті Шавкаат Мирзияев Қарақалпақстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында ол Нүкісте жергілікті мұғалімнің үйіне барып, оның отбасымен бірге ауызашар берген.

Қазақстан Ресейге қару-жарақ жіберген жоқ
Сот Жанболат Мамайды кінәлі деп тауып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу