Қазақстан Ресейге қару-жарақ жіберген жоқ
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 6 сәуірде Қарағанды облысында түсірілген видео тарап жатыр. Бейнетүсірілімде тас жолда әскери техникалар тиеген ауыр жүк көліктері көрсетіледі. Кейбіреулер осы техникаларды Ресейге әкетіп бара жатқанын айтуда. Алайда Қорғаныс министрлігі мұны теріске шығарды.
-Қазақстандық әскери техникалардың Ресейге кетіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанасайды. Видеодағы техникалар жоспар бойынша әскери дайындыққа бара жатыр,-деген министрлік былтыр 27 тамыздан бастап Қазақстанның әскери техникалар мен қару-жарақтарды экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.