Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Алматы соты тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайды кінәлі деп танып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған журналистік және саяси қызметпен айналысуына тыйым салды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылған. Олар: "көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-бап), "билік өкілін қорлау" (378-бап) және "тәртіпсіздік ұйымдастыру" (272-бап).
Белсендінің қоғамдық және саяси өмірге қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ одан 800 мың теңге ақша өндірілетіні айтылды.
Үкім заңды күшіне енгенше ол үйқамақта болады. Мамай сот үкімінің саяси астары бар екенін айтып, қарсы шағым түсіретінін жеткізді.
“Сот барысында он шақты куәгерлерден жауап алынды және олардың барлығы менің тәртіпсіздікке шақырмағанымды айтты. Бірақ соған қарамастан соттың осындай шешім шығаруының саяси астары бар деп есептеймін. Әлбетте біз бұл шешіммен келіспейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз”, – деді Мамай сотта.
Қаңтар оқиғалары мен Мамайдың ісін тергеуге келген еуропалық комиссия алғашқы мәлімдемелерін жасады
"Халықтан басқа ешкімге жауап беруге міндетті емеспін": Ермұрат Бәпи Инга Иманбайдың жеңілісіне байланысты пікір білдірді
Еске салайық, бұған дейін прокурор Мамайды 6,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұраған.
Биылғы жылдың 26 ақпанынан бері қамауда отырған 34 жастағы белсенді 2 қараша күні үйқамаққа шыққан.
28 қазанда Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілгені белгілі болған. 9 қарашада саяси белсенді Жанболат Мамайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталған.