Максим Горький туралы қызықты деректер (1)

Oinet.kz 23-08-2019 4317

fakty-maksim-gorkiy.jpg

Максим Горький – белгілі кеңес жазушысының лақап аты, ал шын аты – Алексей Пешков. Өзінің туындыларында Горький көбіне өзінің қиындық пен айрылысуға толы өмірін суреттеген. ол өз тағдырына қарсы шығудан қорықпайтын қазіргі заманның батырларының образын жасай білген. Өмірінің көп бөлігін Италияда сүрген тәртіп үшін күрескер және социалист кеңестік классиктердің арасындағы ең таңдаулыларының бірі болып қалады.

Шығармашылық лақап ат таңдауда жазушы тегін қиын балалық шағының естелігі ретінде Горький деп алған, ал Максим деп әкесі Максим Савватьевичтің атына алған. Максим Горький деген лақап ат алғаш 1892 жылы 12 қыркүйекте тифлистік «Кавказ» газетіндегі «Макар Чудра» әңгімесінде пайда болған.

Бір қызығы, жазушының әкесі әйелін ата-анасынан ұрлап алған, яғни қазақтың алып қашу жоралғысы секілді. Екі жас бір-бірін жақсы көріп, жасырын үйленген. Варвараның отбасы қыздарын барлық мұрагерліктен айыратынын айтқан. Екі жақ тек немерелері Алексей туған соң ғана татуласқан. Горький өзінің анық туған жылын білмеген.

Ол өзін өмір бойы 1869 жылы дүниеге келгенмін деп ойлаған. Бірақ перзентхана архивіндегі құжаттардан оның 1968 жылы туғаны белгілі болған.

Горький ата-анасынан ерте айырылған. 3 жасында ол оспа ауруымен ауырып, әкесіне де жұқтырып, нәтижесінде әкесі сол аурудан көз жұмған. Бірнеше жыл өткенде анасы өкпе ауруынан көз жұмған. Жазушыны әжесі тәрбиелеп өсірген.

Оның тіпті орта білімі де болмаған. Бала кезінде ол жиі ұрлық жасап, бұзақы жасөспірімдер арасында көп жүрген. Сырт келбетінің салақтығы мен кір-қожалақтығынан оны сыныптастары келемеждеп, онымен ешкім дос болмаған. Сондықтан да бала бола тұра ол приход мектебіне бармай қойған. Кейінірек университетке түскісі келгенімен, оны білімсіз қабылдамаған.

Жас кезінде жазушы бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Сол әрекеті үшін де ол 4 жылға шіркеуден аластатылған.

Небәрі 20 жасында Горький депрессиядан күйрей бастаған. Ал 19 жасында ол өз-өзіне екі рет қол жұмсамақ болған. Казань университетіне оқуға түсе алмай қалған жазушының күйзеліске түскені сондай, өз кеудесінен тапаншамен атқан. Ауруханаға жеткізіліп, операция жасалған Горький нәтижесінде аман қалған. Алайда ауруханада улы препарат тауып алып, соны ішіп, өзін-өзі өлтірмек болған оның ойы тағы да іске аспайды. Дәрігерлер асқазанын жуып, тағы да аман алып қалады.

Оның бірінші әйелі өзіне бұрыннан таныс акушер Ольга Каменская жазушыдан 9 жас үлкен және баласы бар болған. Бір қызығы, Каменскаяның анасы – Пешковты босануын қабылдаған акушер.

Бірінші әйелімен Пешков бір жылдан соң ажырасып кеткен. Оның себебі – жазушының жаңадан жазылған туындысы «Старуха Изергиль» новелласын оқу кезінде ұйықтап қалғаны.

Горький 30 жасында да жазудан көп қателіктер жіберген. Ол қателерін екінші әйелі Екатерина түзетіп отырған.

Сарқырамалар туралы қызықты деректер
Тауыстар туралы 22 қызықты дерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу