Тауыстар туралы 22 қызықты дерек

Oinet.kz 23-08-2019 9667

Павлин.jpg

Тауыс – планетамыздағы ең маңғаз әрі ең әдемі құстардың бірі. тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жатады. Алайда тұқымдастарынан бәршама үлкендеу. Орташа есеппен, ересек тауыстың салмағы 5 кг-ға жетуі мүмкін. Ал денесінің ұзындығы 1 метр және одан жоғары болуы мүмкін. Әсемдігі мен қауырсындарының ашық түсті болуы тауыстарды әлем бойынша ұлылық пен байлықтың үлгісі ретінде таныта білді. Олардың алғаш мекендеген жерлері – Оңтүстік Азия. Қазіргі таңда олар Пәкістанда, Үндістанда, Бангладеште және басқа да мемлекеттерде көптеп кездеседі.

Тауыстар туралы 22 қызықты дерек

Тауыстардың нағыз құйрығы небәрі 50 см және тұрпайы көрінеді. Ал оның жайғанда көздің жауын алатын қауырсындары шын мәнінде құйрық үсті қауырсындары. Мұндай тамаша қауырсындар тек аталық тауыстарда ғана болады.

Павлиндер ұша алады. Алайда құйрығының ауырлы,ынан алысқа ұшу оларға қиындық тудырады. Сондықтан олар көп ұшпайды, тек бір қауіпті сезгенде ғана ұшады.

Үндістер тауыстарды киелі құс ретінде санайды. Оларға арналған қуаныш пен бақытты, тазалықты білдіретін мақалдар мен әңгімелер, аңыздары көп. Мысалы, ертегідегі жалын құс (жар-птица). Оның прототипі – тауыс.

Бұл құстар шамамен 20 жыл өмір сүреді. Аталығынығ сұлулығы нағыз шыңырау шегіне 5-6 жасында жетеді. Бір жарым жасына дейін олар да ұрғашылары секілді тұрпайы болып қауырсынсыз, құйрықпен жүреді.

Әсем қауырсындарының ұзындығы 1,5-2 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл оның денесінен 2 немесе 3 есе ұзын деген сөз.

Табиғатта тауыстардың 3 түрі бар, ал түршелері өте көп.

Планетаның оңтүстік жартышарында орналасқан шоқжұлдыздардың біріне «Тауыс» деген атау берілген.

Қауырсындарының ашықтығы ұрғашылардың назарын аударудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Қауырсындары қаншалықты ашық әрі әдемі болса, қарату мүмкіндігі соншалық көп болады. Аталық көбінесе бүкіл гаремді иеленеді.

Тауыстар дұшпандарын құйрығымен қорқытады. «Көзі» көп үлкен қауырсындарды көрген жыртқыштар кері шегінеді.

Тауыстардың құйрығы сонымен қатар өзара тілдесу үшін де қызмет етеді. Кейде судың жеңіл толқыны тәрізді қауырсындардың тербелісін байқауға болады. Осылайша олар адамдар естімейтін инфрадыбыстық толқындарды таратады. Толқындардың жиілігі 20 Гц дейін болады.

Тауыс бейнесі Мәскеу қаласында орналасқан Серпухов қаласының елтаңбасында бейнеленген. Ол сурет 1720 жылы пайда болған. Оған жергілікті монастырлердің біріндегі осы маңғаз құстардың өсірілуі себеп болған. Елтаңбаның түсі жыл сайын өзгергенімен, тауыстың суреті сол күйінде сақталған.

Тауыс етінен жасалған тағамдар деликатес ретінде әлемнің көптеген мейрамханаларының мәзірінде кездеседі. Алғашқы дегустаторлар Ежелгі Рим ақсүйектері болған. Ал Ресейде мұндай еттің дәмін алғаш болып Иван Грозный көрген. Тибетте тауыс еті көптеген ауруларға ем әрі иммунитетті күшейтеді деп есептеледі.

Сонымен қатар тауыстардың жұмыртқалары да үлкен сұранысқа ие. Олар тек нәрі әрі дәмді болып қана қоймай, емдік қасиетке ие. Мұндай тағам әсіресе жүкті әйелдерге өте пайдалы.

Ежелгі христиандар тауыстарды мәңгілік өмірдің белгісі іспеттес болса, шығыс елдерінде абырой мен күштің белгісі саналған. Ал таяу Ресейде тауыс деп тәкаппар және өзімшіл адамдарды атаған.

Өткен ғасырларда әйелдердің қолындағы тауыстың қауырсындарынан жасалған желпуіштер олардың жоғарғы тап өкілдері екендігін көрсеткен. Ал көптеген рыцарьлар осы құстың қауырсыны қадалған дулыға киген.

Бұл құстардың ішінде альбиностар да жиі кездеседі. Ақ тауыстардың да ерекше сұлулығын сөзбен айтып жеткізу қиын.

Тауыстар сайрай алмайды. Олардың дауыстары кейде тіпті жағымсыз әрі ащы шығады. Оны аяғын немесе құйрығын басып кеткендегі мысықтың  дауысымен салыстыруға болады. Олар түрлі дауыстар шығара алады. Көктемде олардың аталықтары әр таңда күннің шығуы кезінде айқайлайды.

Тауыстар жыландарды ұстағанға өте шебер. Оңтүстік мемлекеттерде адамдар оларды жыландарды ұстау үшін арнайы асырайды.

Тауыстар дауыл, құйын, жер сілкінісі секілді табиғат құбылыстарын алдын ала сезеді. Мұндай құбылыстарды сезген олар мазасыздана бастайды.

Кейбір елдерде адамдар тауыс қауырсындарынан жасалған әшекейлерді үйде сақтауға болмайды, себебі олар үйге бақытсыздық әкеледі деп есептейді. Олардың «махаббат ойындары» көбіне жауын-шашынды кезеңге сай келетіндіктен, жергілікті тұрғындар жауын-шашынды шақыратын осы құстар деп санайды.

Американың NBC телевизиялық компаниясы логотипін 4 рет ауыстырған. Оның барлығында тауыс суреті бейнеленген.

Тауыстардағы хромосома саны өте көп. Генетиктердің есептеуінше, олардың саны – 76. Ал адамда барлығы 46 хромосома бар.

Максим Горький туралы қызықты деректер (1)
Неліктен неміс тілінде сандар керісінше жазылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу