Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Венесуэладағы Карони өзенінің саласы Анхель сарқырамасы – әлемдегі ең биік сарқырама. Онда су 1054 метр биіктіктен құлайды. Сарқырама үндіс тілінен аударғанда «әзәзіл тауы» деген мағынаны беретін Ауянтепуи тауынан ағады. Ал Норвегиядағы Бьельвефосс өзеніндегі су 866 метр биіктіктен ағады. Әлемдегі ең биік сарқырамалардың бірі ретінде калифорниядағы Мерсед өзенінің Иосемите (792 м) және Жаңа Зеландиядағы биіктігі 580 метр болатын Артур өзеніндегі Сатерленд сарқырамаларын атауға болады.
Ал ең үлкен сарқырамалардың әдетте биіктігі аса көп емес. Африкадағы Виктория сарқырамасының ені 1,8 километрді құрайды. Ал биіктігі небәрі 120 метр. Үлкен сарқырамалар ішіндегі биіктігі 100 метрден асатын жалғыз сарқырама болып табылады. Бұл сарқырамадағы судың даусы 15 километр қашықтықтан естіледі. Алып су тозаңының бұлты 18 километр қашықтықтан көзге түседі.
Виктория және Ниагара сарқырамасы – әлемдегі ең күшті сарқырамалар. Себебі биіктен аққан су сарқыраманың кертпешін үнемі шайып, жойып жібереді.
Үндіс тілінен аударғанда «даңғырлақ су» деген мағынаны беретін Ниагара сарқырамасынан секундына 50 метр биіктіктен 6 мың тонна су ағады. Үндістерде даңғырлақ деп аталуының себебі – оның шуы 25 километр қашықтықтан естіледі.
Ниагара сарқырамасы жартас сілемінің бұзылуынан жылына 80-90 сантиметрге жылжып отырады. Осы күнге дейін ол шамамен 10 километрге жылжыған. Мұндай екпінмен ол 20 000 жылдан соң жойылып кетеді.
Ресейде Сочиге жақын аймақта Кавказда орналасқан «Джегош бұлағының 33 сарқырамасы» деп аталатын бірқатар сарқырамалар алабы бар. Мұндағы сарқырамалардың биіктігі 10 метр, ал жалпы ұзындығы бір жарым километр шамасында.
Антарктидада «қанды» сарқырама бар. Оның суы татты қызыл түсті. Оның себебі – судағы темір оксидінің концентрациясы өте жоғары. Бұл ерекше сарқырама Тейлор мұздығынан ағады. Ал оның бастауы – 400 метрлік мұзбен қапталған жерасты өзені.
Сарқырамалар тек құрлықтарда ғана емес, әлемдік мұхиттарда да кездеседі. Оларды бақылап, зерттеу өте қиын, дегенмен олардың саны кемінде 7 екені айдан анық. Олар олар температураның әртүрлілігінен және судың тұздылығынан су түбінің бедері күрделі жерлерінде пайда болады.
Ең үлкен суасты сарқырамасы Гренландия мен Исландия аралығында Дания шығанағында орналасқан. Оның өлшемдері таң қалдырарлықтай: биіктігі – 4 километр, ұзындығы 200 километр.
Сарқырамалардың әлемдегі ең кең кешені Кхон деп аталады. Лаоста орналасқан бұл кешеннің ені 10 километрге жетеді.
Норвегия – нағыз сарқырамалар мекені. Ондағы сарқырамалар саны жүзден асады. Олардың ішіндегі үшеуі әлемдегі ең биік он сарқыраманың қатарында.
Мезгіл ауысымына байланысты ұшқан құстар көбіне сарқыраманың шуынан бағыт алады.
Аргентина мен Бразилияның шекарасында әлемдегі ең мықты және 275 сарқырамадан тұратын Игуасуя сарқырамалар кешені бар. Жыл сайын оған шамамен 2 турист келеді. 1978 жылы бұл сарқырамалар ұзақ құрғақшылықтан толықтай құрғап қалған.
Каската делле Марморе ең биік қолдан жасалған сарқырама. Ежелгі римдіктердің қолымен жасалған бұл сарқыраманың үш бөлігінің жалпы биіктігі 165 метрге жетеді.