Жаңбыр туралы деректер

Oinet.kz 21-08-2019 3857

Картинки по запросу дождь

Жаңбыр өте қызықты әрі таңғажайып табиғат құбылысы. Жаңбырды әл елдің ғұрыпы әркелкі қабылдайды. Олай болса жаңбыр жайлы қызықты деректерден хабардар бола жүрейік.

  • Жыл сайын жер бетіне 519000 км3 жауын жауады.

  • Португалия елінде жауын құйып тұрса жұмысқа бармау заң жүзінен бекітілген. Кімнің Португалияға көшкісі келіп тұр?

  • Бірде-бір метеоролог жыл сайын 29 шілде күні Огайо штатының Уайнсберг қаласында жаңбыр жауатындығын түсіндіре алмайды. Осы бір қыңыр қылығын табиғат неліктен нақ осы күні қайталайтыны әлі де болса жұмбақ.

  • XVII ғасырда Ұлыбританияда егер де адам жаңбырдың жауған уақытын, мекенін айтпаған болса, оны қатаң жазаға алатын болған.

  • Дартс ойыны жаңбырдың ықпалымен пайда болған. Садақшылар жаңбырлы күндері сыраханаға барып, ермекке дәлдікке садақ атып жарысады екен. Ойын түрі осыдан қалыптасқан деседі.

  • Маршалла аралдарында жаңбырдың әр тамшысының ұзындығы 1 см-ге жетеді екен.

  • Бразилияның Пара қаласында жаңбыр күнде бір уақытта жауады екен. Сондықтан тұрғындар қай кезде күн жауынды боларын біліп алаңсыз жүреді екен.

  • Уганда елінде жылына 250 рет жауынт жауады-мыс. Және бұл сандар жылда қайталанады екен.

  • Бостсвана республикасы әлемдегі ең құрғақ, жауынсыз жерлердің бірі болса да, олардың ұлттық валюталары «жаңбыр» деп аталады. Сәлемдесу ретінде де «Пула» сөзі қолданылады, аудармасы «жаңбыр».

  • Таиландта жылдар бойы жаңбыр тек түнде жауады екен.

  • Әлемдегі жауын ең көп жауатын жер Үндістанның Черапунджи қаласы. Жылына 26 460 мм жаңбыр жауады екен.

  • Әлемде 100 миллион адамның біреуі жаңбырдан туындайтын аллергиямен ауырады екен. Ол жаңбыр құрамында болатын қышқылдың салдарынан екен.

  • Испанияда 2007 жылы «бақа жаңбыр» жауады.

  • Әр жылы мамыр айының соңына қарай Гондураста балықты жаңбыр болады. Жаңбыр жауғаннан соң балықтар жерде жаңбырдан соң шығатын қозықұйрықтай төгіліп жатады екен. Және бір қызығы балықтың бәрі де тірі. Бұл феноменге әлі де болса ғылыми түсініктеме жоқ.

Маяковскийдің өлеріндегі соңғы хаты
2022 жылы алғашқы қалқымалы мемлекет пайда болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу