Шай түрлері
Шәй шөліңді қандыратын сусын дейді. Біздің қазақтар ең шөлдегіш халық қой. Қазақстанда жан басына шаққанда бір жылда 1,2 келіден тиеді екен. Бұл көрсеткіш тіпті шәйдің отаны саналатын Үнді елінде 650 граммды көрсетеді.
Ал қазақтар ең көп тек қара шәйді тұтынатынын ескерсек, біз үшін осы бір керемет сусынның өзге де түрлерін біліп жүрген артықтық етпес.
Жасыл шәй.
Жасыл шәй ең танымал түрлерінің бірі. Жиналғаннан кейін бірден кептірілетін жапырақтардан жасалады. Сусынның жақсысынан жасминнің иісі аңқып тұрады. Ал түсі сарғылт-жасыл болады. Қанық дәмі ұзаққа дейін ұртыңнан кетпейді, ал жақсы сортындағылар тіпті тәттірек болады екен. Ал егер шайдан балықтың, шөптің иісі сезілсе шәйдің сапасының төмендігін білдіртеді. Шайдан темекі иісі сезілсе, шәйдің ескі болғаны. Шәйді дайындау үшін бар болғаны 3-6 минут қажет етіледі. Жасыл шәй тек бір рет қана демделуі қажет.
Қара шәй.
Қара шәй шәй жапырақтары мен әлі толық өнбеген жапырақ түйіндерінен жасалынады. Жапырақ шәй болмастан бұрын 2-3 апта қышқылдана тұрады. Шәйді демдеу үшін 95-100% температурадағы су қажет және 2-4 минутта дайын болады. Иісі бальзам иісмайлы, шайырлы. Сусынның түсі қызғылт, қызғылт-қоңыр, қызыл, қызғылт-сары келеді.
Ақ шәй.
Аталған шәйді өндіру үшін бұталардың ерекше сорттары, ашық түсті жапырақтар, сондай-ақ шай бүйректері қолданылады. Жапырақтарды тоқылған бамбук ағаштарына жайып, содан кейін күн немесе отқа кептіріледі. Қайнатқаннан кейін сусын сарғыш немесе жасыл түске енеді, ал кейде тіпті бозғылт болады. Әрбір Гурманды шәйдің қаны, хош иісті дәмі қуантпай қоймайды. Жағымды хош иісі бал мен гүл иісі іспеттес. Сусынды дайындау үшін 60-70°С температурадағы суды пайдаланады.
Сары шәй.
Шәйді әзірлеу үшін зақымданбаған жас шәй шыбықтары қолданылады. Жинап біткеннен соң күнге кептіріп, содан соң оларды буландырып, кептіреді. Дайын болған шәй сары кәріптас түстес. Шәйдің дәмі таңдайға жұмсақ тиіп, гүл шырын ішкендей болады.
Шәй улун.
Шәй үшін борсыған, толығымен жетіліп піскен шәй жапырақтары қолданылып, күнде кептіріледі, ал одан кейін жапырақтай оратылып, ферментациядан өтеді. Одан соң қуырылып, қайтадан оратылып кептіріледі.
Демделген соң шәй жапырақтары қайнаған суды қызыл түске бояп, ортасы жасыл түске енеді. Дайындалған сусынның түсі бозғылт-нефриттен, қара қызылға дейін өзгереді. Дәмі өткір, шабдалы татымды, хош иісі гүлмен пара-пар. Шәй төр минутта дайын болады, температурасы 65-80°С.
Пуэр.
Шәй ескі шәй жапырақтары негізінде жасалады. Пуэрдің таза дәмін шығару үшін оны біраз жылдар жинап сақтайды екен. Сусын қанық қоңыр, қызыл, жаңғақ түстес келеді, ал иісі жаңбыр жауғандағы жер иісімен тең. Шәйдің дәмі тәттірек келеді. Шәй ерекше үлгімен демделеді.