Миньон деген кім?

Oinet.kz 20-08-2019 1469

kto-takie-minony-i-pochemu-ix-ne-stoit-pokazyvat-detyam-1.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды

«Жексұрын мен» мультигі Қазақстанда 2010 жылы көрсетілді. Грю Фелониус Мексон өзін суперзұлым етіп көрсеткісі келгенмен, өзінің табиғтына сай мейірім иесі. Ол зұлым ретінде көрінгісі келіп, айды ұрламаққа бекінеді. Бірақ оның асырап алған 3 қызының болуы жоспарына кедергі келтіреді. Оның зұлым әрекетін жүзеге асыруға миньондар көмекке келеді. 

Миньон (ағыл.бағынушы) -  ерекше сары ағзалар. Дөңгелек пішінді көзілдірік киетін бір немесе екі көз иелері. Миньондар ақылсыз болғанымен сүйкімді, еңбекқор жаратылыс. Миньондар анимациялық кейіпкер болса да, брендке айналып үлгерді. Сәбилердің киімдерінде тіппті заттаында миньондардың суреті бейнеленеді.

Миьон десе, көз алдымызға мультфильмнің кішкентай сары кейіпкерлері елестиді. Миньондар өмірде болған десем сенесіз бе? Бірақ, олар қарапайым адамдар. XV-XVI ғасырда франция патшасының жанындағы жандайшаптары миньон деп аталған. Патша миньондарын ерекше жақсы көретін болған. Өз кезегінде миньондар да патша үшін өлуден тайынбаған. Тарихтан ең көп айтылатын III Генрихтың жандайшаптары.  Генрих жандайшаптарына атақ-дәрежені аямай беріп, ессерліктеріне көз жұма қарайтын. Тіпті жер иеленушілік тұрғысынан да шекетеулер қоймаған. Күнәсі үшін азаланбайтын миньондар мен патшаның қатынасы ақсүйектер мен қара халықты ызаландыратын. Қандай оспадарсыз әрекетке барса да миньондар сүттен ақ, судан таза болып шығатын. 

 


Клеопатра жайлы деректер
Шай түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу