Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Клеопатраның аты әлемге әйгілі белгілі – ол тек Мысырдың билеушісі ғана емес, сонымен қатар таңғажайып әйел болған. Ол қайтыс болған күннен бастап екі мыңжылдықтан астам уақыт өтсе де, оны тарихты өзгерткен тұлғалардың бірі ретінде әлі күнге дейін есте сақтап келеміз.
Клеопатра Ежелгі Мысыр көзімен де, қазіргі көзқараспен де сұлу әйел болмаған. Алайда ол Римнің екі бірдей қуатты қолбасшысын өзіне ғашық етіп, оларды өз ықпалына толығымен бағындыра алды. Ол өте ерекше әйел болды және баға жетпес ақыл мен дарынға ие болды.
Клеопатра тағы несімен тарихта қалды?
Ол Египеттің ең құзіретті билеушісі ретінде тарих беттеріне жазылды. Бірақ, ол Александр Македонскийдің басқаруында болған Грециядан қоныс аударған Птолемеев әулеті болған. Осылайша, Клеопатра Мысырда дүниеге келген болса да, мысырлық емес, ежелгі грек әулетінің өкілі болды.
Әкесі Птоломей XII Египеттің билеушісі болған, ал анасы жайлы деректер аз. Кейбір деректерде анасы әкесінің қарындасы болған десе-ді. Таң қалудың еш қажеті жоқ, себебі ол замандарда бұл өте қалыпты жағдай болған. Клеопатра әкесінің заңды қызы емес екені белгілі, себебі Египет билеушісі заңды қызы ретінде тек бір қызын көрсетеді, ол Береника IV.
Клеопатраның таққа ең алғаш келген сәтінде аты Теа-Филопатор болған. Мағынасы «өз әкесін жақсы көретін әйел құдайы». Ал кейіннен билеуші өз атын Феа Неотера Филопатор Филопатрис деп өзгертеді. Мағынасы «отанын сүюші».
Ол өте интелекті жоғары билеуі болады әрі полиглот, Клепатра кемінде 9 тілде еркін сөйлеген. Грек тілінен басқа, иврит, эфиопия, арамей, парсы, латын тілдерін меңгерген.
Тіл білуінен бөлек, Клео математика, астрономия, ораторлық өнерді және философияны да жетік меңгерген. Патшайым өз әулетінен бұрын Египет мәдениеті мен дінін қабылдаған.
Ол өз ағаларына тұрмысқа шығады. Себебі сол кездің задылықтары солай болған. Өзінің біліктілігіне қарамастан, Клеопатра елді жалғы билей алмаушы еді. Сондықтан оның жанына ықпалды ер патша керек болды. Сол себептен де Клеопатра өзінің басқа замандастары секілді алдымен бір ағасымен, кейіннен басқасымен некелесуіне тура келеді. Алайда ешқай некеде ол өзін қорғанышта сезінбейді. Себебі ол үнемі бауырлары өзінің тағын тартып алады деген қауіппен өмір сүреді. Олардың өлімінен кейін Клеопатра өзіне бала туып, болашағын толық кепілдеп алады. Ол өз баласын өзінің билеушісі етеді.
Клеопатраның кіші інісі оның бірінші заңды жұбайы әпкесінің билікте болуына қарсы болды.Сондықтан екеуінің арасында ұзаққа созылған соғыс басталады, кейіннен Клеопарта Сирияға қашып кетеді. Цезарь патша Клеопатраға көмектесіп оған тақты қайтарып береді.