Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Сатурн – Күн жүйесіндегі үлкендігі жөнінен екінші орынды алатын алтыншы алып газды планета. Ол осыдан 400 жыл бұрын ашылып, серіктері мен сақинасының көптігімен астрономдардың назарын аударған.
Планетаны римдік ауыл шаруашылық құдайының құрметіне Сатурн деп атаған. Таңбасы – орақ. Сатурннан бөлек оның балама атауы – Кронос (грек құдайы).
Сатурнның Күн жүйесіндегі Юпитерден кейінгі ең үлкен Планетаның бірі екендігі белгілі. Оның үлкендігі сондай, оны тіпті шағын телескоппен де көруге болады.
Сатурнның серіктерінің саны күні бүгінге дейін беймәлім, қазіргі таңда оның 62 серігі анықталған. Ең үлкен «Титан» деп аталатын серігі Плутон және Меркурий планеталарынан да үлкен және ол да Күн жүйесіндегі үлкендігі жөнінен екінші орындағы серік.
Сатурн ең алдымен гелий және сутектен тұрады. Жерден оның айырмашылығы да осында. Жердің берік негізі бар, ал Сатурн 96% газдан және шағын тығыз ядродан тұрады. Бұл планета – Күн жүйесіндегі ең тығыздығы аз, тіпті су тығыздығынан да екі есе аз планета.
Сатурнның тығыздығы 120 000 километр және салмағы Жерден 95 есе көп, ал Күннен қашықтығы Жер планетасынан қарағанда 9,5 есе алыс.
Сатурндағы бір күннің ұзақтығы 10 сағат 14 минутқа ғана созылады, есесіне ондағы бір жыл Жердегі 30 жылға тең.
Мерзім ауысымы жөнінен Сатурн Жер планетасына ұқсайды, себебі оның өсі де көлбеу. Планетада да жыл мерзімдері бар. Әр мерзім жердегі жеті жылға созылады.
Басқа планеталардан қарағанда Сатурнның сақинасы көп. Оның белгілі сақиналары 1610 жылы ашылған. Олар диаметрі бірнеше миллиметрден ондаған метрлерге дейін болатын мұзды бөліктерден тұрады. Сақиналардың диаметрі 250 000 километрге дейін жетеді, ал қалыңдығы километрден аз.
Сатурнның өз өсінен айналуы басқа планеталардан әлдеқайда жылдам. Айналу жылдамдығының көптігі сондай, пішіні шар тәріздес емес, эллипс пішініне өзгеріп кеткен.
1979 жылы «Пионер-11» атты АҚШ автоматты планетааралық станциясы тарихта алғаш рет Сатурнға жақын ұшқан. Ғарыш аппараттары Сатурн төңірегіне небәрі 4 рет қана жеткен: 1979 жылы – Pioner 11, 1980 жылы – Voyager 1, 1981 жылы – Voyager 2, 2014 жылы – Cassin зонды.
Сатурнның магнит өрісі өте жоғары, миллион километрге дейін жетеді. Оның басты көзі планета айналымы кезінде өрісті динамо-машина тәрізді шығаратын ядродағы металдық сутек болып табылады.
Сатурндағы жел жылдамдығы планетаның жылдам айналуы және тұрақсыз атмосфера себебінен сағатына 1 800 км-ге дейін жетуі мүмкін.
Сатурнда солтүстік шұғыласын атмосферада сутектің басым болуына байланысты ультракүлгін жарық ретінде ғана көруге болады.
Сатурнның солтүстік полюсіндегі ғалымдарға белгісіз ерекше құбылыс суретке түсіріп алынған. Оның формасы көлденеңінен ені 25 мың километр болатын дұрыс алтыбұрышқа ұқсас болғандықтан, ол құбылысқа «Гексагоналды дауыл» деген атау берілген.