Фобия деген не?

Oinet.kz 20-08-2019 2654

фобии: паническая атака

Фобия адам санасында психологиялық негізде туындайтын үрей. 

Неге фобия, қорқыныштан не айырмашылығы бар?

Фобия қорқыныштан бөлек себебі адам қорқыныш сезімдерін жеңуге қауқарлы, ал фобия соңы паникалық атакамен, тыныс мүшелерінің таруымен тікелей байланысты. Қарапайым логикалық негіден жоққа шығарылатын қорқыныштан қарағанда фобиямен күресу әуреге салады. 

Пайда болу себептері. 

Паникалық шабуыл бұл фобияның алдыңғы симптомы. 

Паникалық шабуыл түрлері:

жүрек соғуының жиілеуі;

тыныс алудың қиындауы;

сөйлеуге мұршасы келмеу;

ауыздың құрғауы;

жоғары артериялық қысым;

асқазан мен жүректің айнуы;

кеуде ауыруы;

дірілдеу;

тұншығу;

бас айналу;

қатты терлеу;

үмітсіздік сезімі.

Фобиялардың пайда болуының бірнеше себептері бар-биологиялық, генетикалық, психологиялық, әлеуметтік. 

Биологиялық және генетикалық себептері.

Үрейге бейім адамдарда гамма-аминомай қышқылының (ГАМК), тыныштандыратын әсер ететін нейротрансмиттер, жетіспеушілігі байқалады.

Жарақат салдарынан мидың зақымдануы, ұзақ дәрі-дәрмектік емдеу, психоактивті заттарды теріс пайдалану, депрессия, ұзақ стресс – осының бәрі ГАМК санының төмендеуіне және алаңдаушылықтың артуына әсер етуі мүмкін.

Көбінде фобия генетикалық жолмен беріліп жатады. Дәрігерлердің айтуынша баланың әкесі немесе шешесін фобия мазаласа, ол балаға да өтуі ықтимал. Бірақ үнемі осылай деп айту қиын, себебі ол өздігінен де пайда болуы мүмкін. Яғни ешқандай себеп түрткі болмай.

Әлеуметтік себептер. 

Сыртқы факторлардың түткісінсіз фобия өздігінен пайда болып жататын кездер өте аз. Фобия көбінесе басынан өткен, бала кезінде болған жағдайдың салдарынан болатындықтан, есте қалу қалмауы екі талай. Сондықтан адамдар оны өзінен-өзі пайда болды деп те ойлап жатады. 

Мәселен кішкентай кезінде бала бесікте жалғыз қалған кезінде қатты жылауы мүмкін және сол кездегі қорқыныш оның миында сақталып қалуы мүмкін. Ал ата-анасы мұндай жағдайдың болғанын да білмейді, себебі олар баласын ұйықтап жатыр деп ойлаған. Ал бала өмкен соң жабық кеңістіктерде қалудан қорқатын болып шығуы мүмкін.

Психологиялық себептер.

Әрине, еш себепсіз өмірінде фобитя дерті пайда болып жатқандар да кездеседі. Бұл жерде құпия оның психологиялық құрылысында, ортаны қалай қабылдауында. Адамның шектен тыс сезімталдығы да кейде паникалық шабуылға алып келуі мүмкін.

Ерекше фобиялар.

Міне, кейбір ерекше танылған фобиялар:

аблютофобия-ваннаны қабылдау қорқынышы;

айлурофобия-мысық алдындағы қорқыныш;

акарофобия-қасынудан қорқыныш;

калигинефобия (венустрафобия) — әдемі әйелдерден қорқу;

крометофобия (хрематофобия) — ақша ұстаудан қорқу;

магейрокофобия-тамақ дайындаудан қорқу;

циклофобия-велосипедтер мен қозғалатын көліктен қорқу;

гедонофобия-рахаттан, ләззаттан қорқу;

тетрафобия-төрт санынан қорқу.

Әрине, бір қарағанда өтірік секілді болып көрінгенімен, шынымда да осы фобия түрлерінен басынан паникалық шабуыл кешіріп жүоргендер қаншама. 

Шай түрлері
Алаяқ бірнеше жылдар бойы мемлекеттік меншікті сатып келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу