Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Хеопс пирамидасының құрылысы қашан басталып, қашан аяқталғанын нақты айту қиын, оның құрылғанына шамамен 4500 жыл болған. Алайда мысырлықтар «Хеопс пирамидасының туған күнін» 23 тамызда тойлайды. Бұл мерекенің пайда болғанына да көп болмаған, небәрі 2009 жылы пайда болған. Гиза провинциясының губернаторы арнайы зерттеуші топтың маңызды деректерді пайдалана отырып, құрылыстың біздің заманымызға дейін 2470 жылдың 23 тамызында басталғанын анықтағанын мәлімдеген. Пирамида құрылысы шамамен 20 жылға созылған.
Алайда бұл датамен келіспейтіндер де бар. Мысалы, араб тарихшысы Абу Зейд эль Бахи Хеопс пирамидасының жасы одан әлдеқайда үлкен, шамамен 73 000 жыл деп есептеген. Ол бұл есепті қандай да бір ежелгі жазбаға сүйеніп жасаған. Ал орыс ғалымы Сергей Проскуряковтың айтуынша, пирамиданы жерден тыс өркениет өкілдері құрған.
Бірнеше мыңжылдықтар бойы Хеопс пирамидасы жер бетіндегі ең жоғарғы өнер құрылысы деп есептелген. Оның бастапқы биіктігі 147 метрге жуық болған, қазіргі таңда 138,75 метрді құрайды. Тек біздің заманымыздың XIV мыңжылдығында ағылшынның Линкольн қаласында биіктігі 160 метр болатын Дева Мария соборы құрылған.
Хеопс пирамидасының бас архитекторы белгілі Ежелгі Мысыр сәулетшісі, Хеопстың ағайынды інісі Хемуин болған деп есептеледі. Хемуинге «перғауын құрылыстарының басқарушысы» құрметті атағы берілген. Алайда ол құрылыстың соңына дейін басы-қасында бола алмаған, аяқталуға таяған шағында өмірден өткен.
Пирамида туралы біздің заманымызға дейінгі V ғасырда атақты ежелгі грек тарихшысы Геродот жазған. Ол пирамида жөнінде Хеопс атты перғауынның кезеңінде құрылған нысан екендігін, құрылысқа 100 000 адам қатыстырылғанын жазады. Пирамида атауы Хеопс болғанымен, перғауынның өзі онда жерленбеген.
Пирамида құрылысына әктастан жасалған 2 000 000 астам блок кеткен. Берік болуы үшін сыртынан гранитпен қаптаған. Тақталар жақсылап тегістеліп, бір-біріне қиюластырылғаны соншалық, арасында бірде-бір саңылау қалмаған. Әр тақтаның орташа салмағы – 2,5 тоннаға жуық. Ал нысанның жалпы салмағы – 5 000 000 тонна. Тас қашайтын орыннан құрылыс аймағына дейін блоктардың қалай жеткізілгені қазіргі таңға дейін жұмбақ болып келеді. Тіпті құрылысы туралы бірде-бір пікір жоқ. Кейбір тарихшылардың айтуынша, құлдардың жұмысын пайдаланған десе, басқа біреулері жалдамалы жұмысшылардың жұмысы екенін айтады.
Тағы да айта кететіні – блоктарды өзара біріктіретін ерітінді де жұмбақ күйінше қалды. Оның нақты құрамын анықтау мүмкін болмады. Ерітінді суыған кезде блоктардан да мықты болып, пирамида беріктігін қамтамасыз етеді; ешбір жел, дауыл, күн көзі де әсер етпейді.
XVIII ғасырдың соңында Напалеон Бонопарт мысырға сапары кезінде Пирамиданы да көріп қайтқан. Бұл экспедицияда онымен 175 ғалым бірге барған. Оның бірі, Эдме-Франсуа Жомар, пирамиданың мұқият өлшемдерін жасаған. Содан ол мысыр пирамидаларының алғашқы ғылыми сипаттамасын жасап шыққан.
Хеопс пирамидалары Әлемнің жеті кереметі тізіміне енген және солардың арасындағы біздің дәуірімізге дейін жеткен жалғыз нысан.