Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
705 жылы жапондық Фудзивара Махито қонақүй ашуды жоспарлайды. «Нишияма Онсен Кейункан» қонақүйі қазіргі таңға дейін қонақтарды қабылдамағанда, бұл дерек тарихта сақталмаған болар ма еді, кім білген. Ал 2011 жылы бұл нысан ең ежелгі қонақүй ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Кітап жасаушылары XXI ғасырға дейін сақталған бұдан бөлек қонақүй таппаған.
Фудзивара Махито өлгеннен кейін оның жұмысы баласына, содан соң мұрагерлеріне өткен. Қазір қонақүйді негізін қалаушының 52-ұрпағы басқарады. Бір таң қаларлығы, барлық осы жылдар бойы қонақүй қожайындары бір отбасы мүшелері болған.
Фудзивара Махито император Тэндзидің көмекшісі болған. Қонақүйдің танымалдылыққа ие болуына императордың қолдаушылығы бірден-бір себеп болуы да мүмкін.
Қонақүй Хонсю аралындағы Яманаши префектурасында орналасқан. Онда теңіз жағажайы жоқ, атақты Фудзияма жанартауына жету үшін бірнеше сағат уақыт кетеді. Алайда соған қарамастан қонақүй иелері клиенттердің аздығына шағым келтірмейді. Ондағы пайдалы бастаукөздердің есебінен денсаулығын реттеу үшін жапондықтар ғана емес, әлем елдерінен туристтер келіп жатады. Айта кететін тағы бір жайт – қонақүй толықтай табиғи ыстық сумен жылытылады және әрбір нөмір сол табиғи ыстық сумен қамтамасыз етілген.
Ежелде «Нишияма Онсен Кейункан» қонақүйі шайқастан кейін жарасын емдеу үшін және шайқаста аман қалғаны үшін құдайларына алғыс айту үшін келетін жапон әскерлері арасында да үлкен танымалдылыққа ие болған. Ғимараттың өзі бірнеше ғасырлар ішінде бір емес бірнеше рет қайта салынғанымен, орналасқан жері сол қалпында сақталып келеді.
Қазіргі таңда қонақүйде 40 шақты нөмір, бір бөлігі ғимарат ішінде, ал қалғаны ашық аспан астында орналасқан бірнеше ванна бар. Қызметкерлер ағылшын тілін жетік меңгергенімен Жапонияның ескі дәстүрі қатаң сақталған. Мысалы, қонақүйде тұрушылар үстел басында емес, татамиге отырып тамақтанады. Тіпті дәстүрлі жапон киімін киіп жүруді ұсынады. Дәстүрдің сақталуына қарамастан, ондағы бағалар заманауи дәрежеде. Екі адамдық нөмірде тәуліктік орналасу 35 000 йен, яғни 300 долларды құрайды. қонақүйінде тоқтаған императорлар мен атақты қолбасшылар туралы олар туристтерге мақтанышпен айтады. Мысалы, Токугава Иэясу.
Ең соңғы рет ғимарат күрделі жөндеуден 1998 жылы өткен. Жөндеудің ХХІ ғасырға жуық кезеңде өткеніне қарамастан, нөмірлерге телевидение мен Интернет орнатылмаған. Себебі мұнда келушілер тәнін ғана емес, жанын да емдеп, тыныштықта болу үшін, заманауи өркениеттен алыстап, демалу үшін келеді.
Ұзақ уақыттар бойы су процедураларын ерлер мен әйелдер бірге қабылдаған. Алайда ХХ ғасырдың ортасында олар үшін бөлек шомылу орындарын жасай бастаған немесе әйелдер мен ерлер үшін бөлек уақыт белгілеген. Процедура қабылдамас бұрын сабынмен мұқият жуынып алған жөн. Ал шомылу орнында қатаң түрде өзіндік ережелерін сақтау қажет. Мысалы, онда тіпті қатты дауыс шығарып сөйлеуге де болмайды.
Термалды бастау көздері нағыз бизнес көзі болып табылады. Олардың саны Жапонияда 26 мыңға жуық. Тіпті осындай бәсекелестік жағдайында «Нишияма Онсен Кейункан» қонақүйі елдегі ең танымал қонақүйлердің бірі болып саналып келеді.